№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Микки Маустың атасы

Микки Маустың атасы

1901 жылдың 5 желтоқсанында американың атақты мультипликатор-режиссері, суретші, сценарист, әрі продюсер Уолт Дисней дүниеге келді.
Әлемдегі бүкіл балалар жақсы көретін Микки Маустың, Қоян Освальдтың, Дональд Дактың және 200-ден астам персонаждың атасы. Ол «Оскардың» 29 премиясының және АҚШ жоғары азаматтық үкіметтік марапаты «Бостандық медалі» иегері болды. «Walt Disney Productions» компаниясының құрушысы және әлемдегі алғашқы үлкен сауық-сайрандық «Диснейлэнд» балалар саябағын құрушы болып табылады.
Бала күнінен Уолт сурет салуға құштар болды, ал жеті жасында өзінің алғашқы комикстерін сата бастайды. Жас Уолт мектепішілік газетті шығаруға суретші және фотограф ретінде ат салысып, ал кешкілік уақыттарда әсем өнер академиясына барып жүрді. Соңыра газет карикатуристтерінің курсынан өтіп, мұнда ерекше ойлауды, қалыпты логиканың қызықты бұзылысы мен ықшамды үлгіге үйренді.
Алғашқы Диснейлэнд 1955 жылдың 17 шілдесінде Лос-Анджелестің оңтүстігіндегі Анахайм қаласында (Калифорния штаты) ашылды. Оның құрылысына $17 млн жұмсалып, салынған қаржысы тез арада он есе мөлшерде қайтарылды. Парк ашылған соң 25 жылдың ішінде 200 млн-нан астам адам келді.
1983 жылы Диснейлэнд Токиода және 1992 жылы Парижде өз Диснейлэндтері ашылды.
05 желтоқсан 2019 ж. 973 0