№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Кепкен жемістердің пайдалары!

Кепкен жемістердің пайдалары!


Салауатты, саулықты өмір сүру салтының символы ретінде белгілі кепкен жемістер де ауруларға тосқауыл болып табылады. Әсіресе дәрумендердің тапшы болатын қыс айларында бұл азық түрлерінің орны ерекше. Денсаулыққа пайдалы жұмсақ етінің құнарлығы кептірілген жемістерде көбірек екендігін мәлімдеген мамандар бұл азық түрлерінің міндетті түрде күнделікті ас мәзіріне қосылуы керектігін мәлімдеуде. Қатерлі ісіктен бастап, қан қысымы, қан аздығы, көз ауруларына дейін жақсы әсер ететін құрғақ жемістердің қысқаша пайдалары:

Кепкен өрік (курага): Ас қорыту жүйесіне пайдалы. Стрестің және қан аздығының алдын алады. Құрамындағы А дәрумені терідегі ақаулардың еміне оң әсерін береді. Күніне 5 дана кепкен өрік жеу құрамындағы калий арқылы жүрек бұлшық еттері мен нервтерінің жетілуінде маңызы зор.

Кепкен жүзім: Энергия көзі. Қақырық түсіргіш қасиетіне байланысты тыныс жолдары ауруларына қарсы пайдалы. Күніне 10 данасын жеу арқылы қан қысымының төмендеуіне әсері бар. Суықтауға қарсы да иммунитетті күшейтеді.

Кепкен алма: Тыныс тарылуы, астма, жүрек мазасыздығына қарсы жақсы әсер етеді. Құрамындағы талшықты ерекшелігімен ішектерді тазалайды. Көзді шаршататын іскерлерге күніне бір уыс кепкен алма жеу пайдалы.

Кепкен құрма: Антиоксидант қасиетімен иммунитет жүйесін күшейтеді, қатерлі ісікке қарсы қорған ретінде әсерлі. Тері әсемдігі мен саулығы тұрғысынан пайдалы. Асқорыту қиындығы барларға жақсы әсер етеді. В1, В2 дәрумендері арқылы жүйке жүйесіне қорған. Ми функцияларын реттейді.

Кепкен қара өрік: Мол мөлшерде В1, В2, В3, В6, А, С және Е дәрумендерін қамтиды. Қатерлі ісікке және қартаюға қарсы қорғаушы әсері бар. Құрамындағы калий және магний арқылы бауыр, жүрек, бүйрек және ревматизм ауруларына қарсы пайдалы.

Кепкен інжір: Талшық мөлшері өте жоғары болғандықтан салмақ тастауда пайдалы. Аминқышқылдар тұрғысынан қанық. Осы арқылы жасуша қалыптасуында, дененің жаңалануында белсенді рөлі бар.

Материал vk.com әлеуметтік желісі
06 желтоқсан 2019 ж. 696 0