Соңғы жаңалықтар

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » » Келіні бар адамның...

Келіні бар адамның...



«Келіні бар адамның бір көзі көріп, бір көзі көрмеуі керек. Бір құлағы естіп, бір құлағы естімеуі керек»

Иә, «қазақта білмегенді кешіре алмасаң, білгендігің қайсы?» деген сөз бар ғой. Сондықтан кейде енелер де даналық танытып, көп нәрсеге байыппен, ақылмен қарай білуі керек. Өзінің үлкен екенін, одан гөрі тәжірибесі молдығын ескеруі керек.
Осы ретте енелер тарапынан атқарылуы тиіс кейбір шараларды жаза кетуді жөн көріп отырмыз. Бәлкім, пайдасы тиіп қалар:

1. Иә, «келін алдым – қолым ұзарды» деп қуанып жүрген шығарсыз. Алайда, бұл - келін барлығын біліп тұруы керек, барлығын қатесіз орындауы керек деген сөз емес. Оның осы уақытқа дейін өзге отбасының тәрбиесінде өскенін, үйренісіп кеткенше тосырқайтынын естен шығармаңыз. Келін тәрбиелеудің ең ұтымды әдісі - кінәлайтын емес, үйрететін стильді пайдалану.

2. Егер келініңіз барынша тырысып, өз міндетін қалтқысыз орындап жүрсе, оны демеп, елеп-ескеріп, кейде тіпті, еңбегін бағалап, өзгелердің көзінше жақтап отырыңыз. Бұл әдіс оған мотивация болып, онан сайын жақсы қызмет етуіне құлшынысын оятады. Негізі енесінен мақтау, жылы сөз есту келінге «халық қаһарманы» деген атақты алғаннан да әсерлі болатынытынын білесіз бе?)

3. Жас отбасы болған соң басында балаңыз бен келініңіздің арасында ұсақ-түйек түсініспеушіліктердің болатыны анық. Мұндай кезде әр іске шұқшиып, жағдайды одан әрі ушықтырып жібермеуге тырысуыңыз керек. Егер балаңыз бен келініңіз келісе алмай жатса, ұлыңызды емес, келініңізді қорғаштауға тырысыңыз. Себебі, туған баласын ана бәрібір жек көріп кете алмайды және баланың да өз анасына деген мейірімі оңайлықпен суымайды. Ал ене мен келін жараса алмай қалса, ол жағдайды шешу, алшақтықтың орнын толтыру – дәл бұндай оңай бола қоймайды. Сондықтан балаңызға отбасын ұстап қалатын ер, азамат ретінде қарап, ал келінге жаны нәзік әйел-ана ретінде қарым-қатынас жасасаңыз, екеуінің арасын жарастырушы «алтын көпірге», жанашырға айналасыз.

4. Келініңіз жоқта балаңызға келініңізді мақтаңыз.
«Ой, біздің келін алтын ғой, Құдайға шүкір», «келінім айтқанымды екі етпей елпілдеп жүр», «шамасы жеткенше тырысып-ақ жүр», «келінім өзіме тартқан ақылды ғой» деңіз. Мұндайды естіген балаңыздың өз-өзіне деген сенімділігі артып, отбасын асырауға деген жауапкершілігі, әйеліне деген қадір-құрметі күшейе түседі. Аузынан тек жақсы сөз шығатын сізді де сыйлап, елпілдеп болады. Ал ұлыңыз жұмысқа кеткенде келініңізге балаңызды мақтап отырыңыз. Оның абыройын көтеріңіз. Бұл жастар арасындағы махаббатты, құрметті арттырып, отбасының сақталып қалуына көп көмегін тигізеді.

5. Келініңізді ауылдағы басқа келіндермен салыстырмаңыз.
«Пәленшенің келіні былай жасайды екен, түгеншенің келіні керемет қой, шіркін!» деген секілді сөздер келіннің жүрегіне қаяу салады. Сізге деген құрметін кемітеді.
Иә, біреудің келіні сіздікінен гөрі жақсырақ шығар, бірақ біз идеал санап жүрген ол отбасының да бізден жасырын өз қате, кемшіліктері бар екенін ұмытпауымыз керек. Міне, бұл - ене мен келін арасындағы қарым-қатынастың нығаюына септігін тигізетін кейбір қағидалар.


Материал vk.com әлеуметтік желісінен алынды.
03 желтоқсан 2019 ж. 911 0