№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

№29 (8740) 13

13 сәуір 2024 ж.

№28 (8739) 9

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » » "Туған жерге тартуым"

"Туған жерге тартуым"


"Туған жерге тарту" апталығының бүгін үшінші күні "Туған жерге тартуым" атты тақырыпта мектеп мұғалімдері Е.Мұстафаев пен П.Бимурзаева өз оқушыларымен өткізді.

Бүгінгі тапсырма жергілікті туған өлкенің ақын-жазушылардың шығармаларын мәнерлеп оқу және қолөнершілердің көрмесін ұйымдастыруды мектеп ауласында, табиғат аясында жасағанды жөн көріпті. Апталықтың бұл күнінде қатысқан оқушылармен түсіндірмелі сабақ жүргізе отырып және де оқушылармен әңгімелесе отырып сұхбат та алынды.
Біздің туған өлкенің, жалпы Жаңақорған өңірінде туылған біршама ақындармен оқушылардың таныс екені де байқалды. Соның ішінде балалар ақын-жазушысы А.Сопыбеков, айтыскер ақын М.Көкенов, ақын Б.Айнабеков, ақын Ф.Сахиев, сондай-ақ, өз ауылымыздың топырағында дүниеге келген ақындары Ж.Қыдыров, қазіргі таңда Алматы қаласының тұрғыны Б.Қошым, және мектеп мұғалімі Е.Мұстафаевтың өлеңдерінен оқушылар дайындап әкелген өлеңдерін мәнерлеп оқып берді. Табиғат аясында оқыған өлеңдер мен желдің самалы бірге үндестік тапқандай. Содан кейін оқушылар өз қолдарынан шыққан тамаша бұйымдарын көрсетіп, қандай мақсатта жасағандарын әңгімелеп берді. "Рухани жаңғыру" бағытында ұйымдастырылған бұл сабақ қазіргі заман ақындарын кеңінен таныстырып, ал қолөнердің ежелден бері жасалынып келген бұйымдары заманауи бағытта жасалумен қатар, оларды түрлендіріп жаңғырта отырып, бүгінгі апталықтың мәнін аша түсті.

Сабақ соңында Е.Мұстафаев өзінің күз мезгіліне шығарған өлеңімен қорытындылады.
21 қараша 2019 ж. 527 0