№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Адыраспан не үшін қасиетті екен?

Адыраспан не үшін қасиетті екен?


Төрт шадиярдың бірі Хәзіреті Оспан (р.а) әскер бастап жорыққа бара жатады. Жолда бір жерге түнейді. Түнде жаулары тыңшы жіберіп, байлаулы тұрған аттарын босатып, жан-жаққа шашыратып қуады. Оспан (р.а)дың атының шылбыры бір түп адыраспанға оратылып қалады. Оның кісінеген даусын естіп, өзге аттардың бәрі сол араға жиналады. Оспан да серіктерін ертіп жылқының дауысы шыққан жерге келеді. Қараса барлық жылқы бір жерге үйіріліп тұр екен. Оспан (р.а) адыраспанды дорбасына салып алады. Сол жорықта жолы болып, жеңіспен оралады. Елге келген соң,
Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа ﷺ : болған жайды баяндайды.
Сонда Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа ﷺ :
– Бұл шөптің аты қалай? – деп сұрады. Оспан (р.а):
– Мұны адыраспан деп атадым, – деді.
Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа ﷺ :
– Ұлық Алла бұл шөпті себеп қылып, бір апаттан сақтапты. Бұдан кейін де адыраспан менің үмбетіме игілікті қызмет етсін, – деп, аят оқып, шөпке дем салған екен.
Содан бері адыраспанға емдік қасиет дарыпты. Осыған орай ел ішінде:
Ассалаумағалейкум, адыраспан,
Атыңды қойған екен Хәзіреті Оспан(р.а).
Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа ﷺ : дұғасынан нәр алған соң,
Өзіңе келіп тұрмын жол алыстан, – деген сөз қалыпты.
04 қараша 2019 ж. 805 0

Ұқсас жаңалықтар: