Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » » Әдебиет абызына құрмет

Әдебиет абызына құрмет


Қазақ әдебиетінің классигі, көрнекті қаламгер Әбдіжәміл Нұрпейісов 95 жасқа толды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық әдебиетті дамытуға айрықша еңбек сіңірген жазушы Әбдіжәміл Кәрімұлына жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді. Абыз ақсақалға жасалған құрметке барша қалам ұстаған қауым мерейленіп, ерекше шабыттанды.


Классик қаламгердің «Қан мен тер» трилогиясынан тарихи-әлеуметтік, саяси-қоғамдық өзгерістерді қапысыз танисыз. «Қан мен терді» оқи отырып адамды, адам мінезін нақты, шынайы, мейілінше терең, дәл бергенін көресіз. Ондағы кейіпкерлердің іс-әрекетіне қаныққан кезде, жүрегің шымырлап, кейіпкерлердің әрқайсысы тірі адамдай әсер қалдырады. Образдар, жеке-жеке оқиғалар, жеке-жеке детальдар – барлығы да шынайы. Барлығы да нағыз өмір.
Одан бөлек «Соңғы парызы» – қазақ көркем сөзінің мән-маңызын танытатын туынды.
Туындының маңызы жөнінде ака­демик Зейнолла Қабдолов былай дейді:
«Соңғы парыз» – сөзсіз қазақ про­за­сының ең елеулі табысы. Осы бір жазушы бойына біткен табиғи талант тұтастығына таң қа­ламын. Егер де, «Қан мен тер» қазақ тағ­дыры мен тұрмысындағы Қазан төң­керісіне дейінгі кезеңді қамтыса, «Соңғы парыз» сол халықтың кеңестік дәуірдегі тағдыр-талайын қамтыған. Дей келгенде, Нұрпейісов трилогиясы мен дилогиясы – Отанымыздың ғасырлық тарихының айнасы» .
Заңғар жазушыны мерейлі жасымен және мәртебелі марапатымен шын жүректен құттықтаймыз.
29 қазан 2019 ж. 874 0