№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сағыныш...

Заман жетіліп, өркениет көшінен қалмай даланы көп қабатты үйлер бой көтерді. Ғарышқа ұшып, галактикалық кеңестікті иегеруге талпыныс бар. «Мәңгілік ұлт», «Мәңгілік ел» ретінде өмір кешудің қамын жасалуда. Бәрі дұрыс, бәрі орынды. Алайда қазақта өмірге қажеттінің бәрі бола тұра, сағыныш бар...
Иә, бізде бәрі бар. Алайда, сайын дала өмірін қатты сағындық.
Сағыныш дала ғана емес-ау.
Жанға маза бермей жүрген сағыныштар мынаулар:
– Түлкіге қыран салып, сәйгүлікпен сайын далада желмен жарысқан кезді;
– Ізетті баланың үлкенге ерекше құрметін, мейірімді ата-ананың қамқорлығын;
– Ұлттық идеялогияны өзек етіп, таңнан таңға дейін елдікті жырлайтын жырауларды;
– Өзін қазақ сахарасының иесі ретінде топ бастап, сертіне қамал батырлар мен құлдық санадан таза ақсақалдарды;
– Бабанын аманаты мен үміт сазы бар, құлақтың құрышын қандыратын әуендік иірімдерді сағындық.
Бір сөзбен айтқанда, қазақы сананы, қазақы намысты, қазақы салт-сананы сағындық...
P.S.: Бұл сағыныш жақындай ма десек, «жаһандану» деген аждаһар одан ары алыстатып барады. Бойдағы қанда тулап жатқан сағынышты қашан қуып жетеді екен. Алайда, «жаным арымның садақасы» дейтін қазақ қазақтығын қайтарып алатын күн де туар. Кім білсін, бір кем дүние-ай!..
17 қазан 2019 ж. 875 0

Ұқсас жаңалықтар: