Бір ой – бір түйін
Қазақ басынан сөз асырмаған дана халық. Яғни, сөзге, сөздің мәніне аса көңіл бөлген дара жұрт. Содан болар жүздеген беттік ойды бір сөйлемге сыйдырып, түйіндей айтқан шешен ел.Мәселен, «Адамзат – бүгін адам, ертең – топырақ», деп адамның ғұмырлық дариясын бір-ақ қамтып, бір жол, бір оймен түйіндейді. Әлемде мұндай ой зердесін терең пайымдайтын парасатты халық некен-саяқ.
Жақсы басшы оздырады.
***
Әке – тірегің, ана – жүрегін.
***
Жақсы әйел – ырыс.
***
Жаман жолдастан мықты таяқ артық.
***
Күшенген жеңбейді, Күші көп женеді.
***
Бал тамған өтіріктен, Қан тамған шындық артық.
***
Өнерліге өлім жоқ.
***
Ағадан – ақыл, атанданнақыл.
***
Шешеннің тілі – шебердің бізі.
***
Аталы сөз атан түйеге татиды.
***
Еңбегі аздың өнбегі аз.
***
Ақша кетуге тырысады, Есеп ұстауға тырысады.
***
Аузымен орақ орғанның белі ауырмайды.
***
Жақсыда кек жоқ, Кектіде тек жоқ.
***
Денсаулық – зор байлық.
***
Құдай деген құнықпайды.
***
Адам – ардақты ат.
***
Үй иесі – ұл, төр иесі – қыз.
***
Құда – Құдайдың аты.
***
Көз көрмей, көңіл сенбес.
P.S.: Осылай жалғастырып кете беруге, кете беруге болады. Осыдан қазақтың бір ойды – бір түйінмен түйіндейтін даналығын, даралығын қалай мойындамайсын? Әттен, сөздің парқын, ойдың жүйесін түсінуден қалған бүгінгі ұрпақ осы інжу-маржаннан өмірлік бағыт-бағдар алса...
Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.



