
Үш мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, 3 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды. Биыл 1 наурыздағы мәлімет бойынша, 3 134 этникалық қазақ қандас мәртебесіне ие болды. Жалпы, 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 110,1 мың этникалық қазақ оралды....








