Соңғы жаңалықтар

№54 (8868) 22

22 шілде 2025 ж.

№53 (8867) 19

19 шілде 2025 ж.

№52 (8866) 15

15 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » » Сәкен Майғазиев тыңдармандарын жылатты (видео)

Сәкен Майғазиев тыңдармандарын жылатты (видео)

   Сәкен Майғазиевтің баянсыз махаббат тақырыбындағы бейнебаяны көптің көзіне жас келтірді. Тыңдармандар әншінің жаңа жұмысын жоғары бағалап, оған алғыс айтты, деп жазады Stan.kz.



     “Сағынып жүрмін” атты тректің сазын – Бауыржан Бимахан, ал сөзін – Ринат Зайытов жазған. Ал көптің жүрегін елжіреткен клипте басты рөлді Шәріп Серік пен Бибігүл Сүйіншалина сомдаған.
Бейнебаян желісі екі ғашықтың бір-біріне деген сезімін суреттейді. Романтика, махаббат – барлығы жақсы. Тек жауапты сәт келгенде басты кейіпкер қыз апатқа ұшырайды. Кәсіби актерлердің ойыны мен Сәкеннің әні үйлесімділік тапқан бұл туынды тыңдармандардың жүрегін елжіретіп жіберді.
“Жылап көрмеу мүмкін емес”, “Өте әсерлі екен соңғы жағы”, “Сәкен аға, тамаша өлең, керемет клип. Денем түршігіп кетті, жарайсың”, “Көзге жас келтіретін туынды екен”, – деп жылы лебізін білдірді олар.

08 желтоқсан 2018 ж. 1 430 0