№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » “Ұнайтын келіншектер бар”: Медеу Арынбаев балалы әйелді жар етуге дайын екенін айтты

“Ұнайтын келіншектер бар”: Медеу Арынбаев балалы әйелді жар етуге дайын екенін айтты

  

Медеу Арынбаев осыдан сегіз жыл бұрын жұбайын мәңгілік сапарға шығарып салған еді. Бірақ жылдар өтсе де музыкант екінші рет отбасын құруға асығар емес. Бұл тақырып аясындағы сауалдар да өнер иесіне жиі жолданады екен. Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісімен сұхбаттасқан әнші жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді.

ÐÐµÐ´ÐµÑ ÐÑÑнбаев
  «Бір кездері екінші рет үйлену туралы аздап ойлар болған шығар. Қазіргі кезде бір сәті түсіп тұрған жоқ. Кездесіп тұрған жоқ. Өмір бойы жалғыз өмір сүру мүмкін емес шығар. Ең бастысы ұлымды, қызымды аяққа тұрғызсам деймін. Олардың қас-қабағына қарап өмір сүріп келе жатырмын. Солай да бола береді. Бірақ жалғыздық Құдайға ғана жарасқан ғой. Оны білемін. Сезбейді емес, сеземін. Маған ұнайтын қыз-келіншектер жоқ емес бар. Мүмкін біреудің басы бос емес шығар. Мүмкін біреу келіспейтін шығар. Әр түрлі себептер бар. Бірақ кездесетін шығар деп ойлаймын», – дейді Медеу.

   Бүгінде Медеудің ұлы мен қызы бар. Үлкені Дәулет 19 жаста қадам басса, кішісі Даяна 16-да екен. Әншінің екінші мәрте шаңырақ көтеруі туралы тақырып, бір кездері туған-туыстары мен балаларын да толғандырыпты.
«Отбасын құру жайлы айт әкеңе, сөйлесіңдер үйлене ме, үйленбей ме деп туысқандар бізге айтады. Бірақ біз әкемнің жеке өміріне араласпаймыз. Оны әкемнің өзі біледі. Үйлен, үйленбе деп айтпаймыз», – дейді ұлы Дәулет Арынбаев.

   «Әкемізге үйленбе деп ағам екеуміз ешқашан айтқан емеспіз. Біз әрқашан да әкеме қолдау көрсетеміз. Кейбір кезде үйлену туралы айтып қаламыз. Ол кісі үндемейді (күледі)», – дейді қызы Даяна Арынбаева.
Арынбаев жалғыздықтың жаратқанға ғана жарасқанын жақсы біледі. Бірақ жүрегі қалайтын жанды әлі жолықтыра қоймаған.
«Мен жас қызға үйленемін деп ел алдында мақтанбай-ақ қояйын. Егер мен сүйетін болсам, оның ұл-қыздары бар, өсіп кеткен деп қарамаймын. Егер мен сүйетін болсам болды. Жүрегіме ұнады ма, ұнады. Оның бала-шағасы бар екен, ажырасқан екен деп оған мән беріп қарамаймын. Мәселен, 30 жасқа жақындаған қыз балалар жоқ емес бар. Толып жатыр. Бірақ ұнамаса, жүрегіме жақпаса қайтем енді? Сыйлаймын, құрметтеймін. Бірақ ойнап-күлетін емес. Көрген кезде сүйсіне қарайтын жан болу керек. Ол сұлу ма, сұлу емес пе, басқаға қалай көрінетінін түсінбеймін. Менің өзіме сұлу көрінсе болды. Ғашық болсам болды. Ештеңеге қарамаймын. Үйлене саламын. Онда тұрған ештеңе жоқ», – дейді Арынбаев.
   Естеріңізге сала кетсек, Арынбаевтың жұбайы Айгүл Үмбеталиева 2010-шы жылы өмірден өткен. Скрипка мен альт аспабын серік еткен екі баланың анасы, кәсіби музыкант болған. Медеу музасымен 1996-шы жылы танысыпты.
27 қараша 2018 ж. 1 227 0