Кітап – жүрекке жол табатын рухани қазына
Руханият орталығы жанындағы А. Сопыбеков атындағы аудандық кітапхана қоғамның әрбір мүшесіне рухани қызмет көрсетуді басты міндет санайды. Осы мақсатта кітапхана көру қабілеті шектеулі жандармен де тұрақты түрде жұмыс жүргізіп келеді.Жоспарға сәйкес кітапханашы З. Садықова зағип жандарға барып, жаңадан түскен әдебиеттермен таныстырып, кітапхана жаңалықтарымен бөлісті. Көзбен көрмесе де, жүрекпен сезініп, жан дүниесімен қабылдайтын оқырмандар үшін кітап – білімнің ғана емес, үміт пен рухани демеудің де қайнар көзі.
Мейірім мен қамқорлыққа негізделген мұндай кездесулер оқырман мен кітапхана арасындағы байланысты нығайтып, рухани әлемді байыта түседі. Өйткені кітаптың нұры көзге емес, ең алдымен жүрекке сәуле шашады.
Рухани байлыққа бастар жол – кітаппен бірге!
Аида АНВАРБЕК




