№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » » РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢГЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢГЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ


«Men – qazaqpyn» жобасы төл өнерді төрге сүйреген таланттарды бір арнаға тоғыстыруды көздейді. Бастама аясында біздің өңірде де іріктеу кезеңі өтіп, А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде республикалық кезеңге жолдама алған үздіктер анықталды.

Өнерпаздар дайындықтарын сахнаға шығар алдында тағы бір пысықтады. Аздап қобалжу болды. Әйтсе де, әрқайсысы топтан дара шығуға үмітті. Төрешілер тарапынан қатысушылардың орындау шеберлігі, сахнада өзін-өзі ұстауы, қазақы үлгідегі киімі есепке алынды. Нәтижесінде республикалық байқауда өңірі­міздің өзгеге ұқсамайтын өнер­дегі өрнегін паш ететін дара­боздар анықталды. «Үздік аймақтық термеші» номинациясын Күнсұлу Түрікпен иеленсе, Әділбек Тәшенов «Үздік аймақтық күйші» атанды. Сазды дауысымен тыңдарманды еліткен Мұхамедәлі Бекпейісов «Үздік аймақтық әнші» аталымын қанжығасына байлады.
– Ұлттық арнаның ұйытқы болуымен өткізіліп отырған мега жобаның тағылымы терең, өнегесі өлшеусіз. Себебі, бұл байқауда көнеден күмбір тартқан дәстүр дәріптеліп, құндылықтар құнтталады. Бұған дейін жобаның аудандық және қалалық кезеңіне барлығы 86 үміткер қатысқан болатын. Олардың арасынан 25 өнерпаз іріктеліп, облыстық кезеңге қатысуға мүмкіндік алды. Бүгін міне, тағылымдық мәні зор қазынамызды ұлықтап жүрген талантты жастар өнерімен тәнті етіп отыр. Айта кетейік, биыл аталған телевизиялық жобада жаңалық көп. Тамыз-қараша айы аралығында Астана қаласында өткізілетін байқауда «Жылдың ең үздік дәстүрлі әншісі», «Жылдың ең үздік термешісі», «Жылдың ең үздік күйшісі» аталымына лайықтылар белгілі болады. Қазақ өнерінің өрісін кеңейтетін додада SМS дауыс беру арқылы «Көрермен көзайымы – 2018» аталымының да иегері анық­талмақ. Бүгінгі жүлдегерлер осындай ауқымы кең жобада аймақ абыройын асқақтатады деген сенім білдіреміз, – деді «Qyzylorda» телеарнасының директоры Жағыппар Қарабала.
Расында, ұлттық болмысымызды боямасыз көрсетіп, рухымызды көтеретін халықаралық жоба әрбір қазақтың санасына сәуле түсірері анық. Ол өңірлердегі есімі көпшілікке таныла қоймаған таланттардың үлкен сахнаға қадам басуына да мүмкіндік беруде.
19 маусым 2018 ж. 737 0