№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Мона Лизаны ұрлау


Леонардо да Винчидің "Мона Лизасының" әлемге әйгілі болуына картинаның ұрлануы мен оған жасалған қастандықтар да үлкен үлес қосқан. 1911 жылдың 21 тамызында Винченцо Перуджа есімді шыны шебері Луврда ілулі тұрған "Джоконданы" ұрлап кетеді. Картинаның қолды болғанын ең алғашқы боп Луи Беру дейтін француз суретшісі байқаған.
Ол сол кезде "Луврдағы Мона Лиза" деп аталатын өзінің тарихи картинасын салып жатқан болатын. Дереу Париж газеттері дабыл қағып, полиция аяғынан тік тұрғанымен, ұрының ізіне түсу оңай шаруа болмай шығады. 
Лувр басшылығы заматта қызметінен босатылып, жаппай тергеуге алынған. Қызық болғанда, полиция әйгілі француз ақыны Гийом Аполлинерден күдіктеніп, бірден қамауға алады. Сөйтсе, ақын да қарап жүрмей, картина ұрланатын күннің таңында шарапханада отырып "Луврды барлық жәдігерлерімен қосып өртеп жіберу керек" деген секілді жайсыз әңгіме айтқан екен. Аполлинер ақынның абақтыда жалғыз жатып іші пысты ма, әлде ыза қысты ма, мүмкін қалжыңдағысы келді ме екен, әйтеуір, жай отырмай, келесі бір жауап алу кезінде "Бір алса, картинаны Пикассо алуы мүмкін" дей салады. Полиция дедектетіп отырып Пабло Пикассоны әкеп ақын досының жанына қамап тастайды. Бірер күннен кейін екеуін де қоя берген, алайда, бұл оқиға картинаның да, қос таланттың да даңқын асырып жібереді... Арада екі жыл өтеді. Картинаның табылуынан күдер үзіле бастайды. Бұл кезде "Мона Лиза" француз жерінен алыстап бара жатқан еді... Ұрлық қалай жасалған? Лувр музейінде шыны шебері боп жұмыс істейтін Винченцо Перуджа дүйсенбі күні музейдің жабық тұратынын ескеріп, күнілгері музей қоймасына жасырынып қалған. Бір тәулік түнеген ол, еш асықпастан картинаны қалыбынан ажыратып алып, киімінің ішіне жасырады да, ертесіне дым болмағандай үйіне қайтып кетеді. Кей деректерде, кейіннен қолға түскен кезінде Перуджа картинаны патриоттық сезімнің жетегінде жүріп ұрлағанын мойындаған-мыс. Оның ойынша - италиялық суретшінің туындысы Франция музейінде тұрмауы тиіс екен...
Massaget.kz сайтынан алынған.
08 маусым 2018 ж. 1 132 0