№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » АРСЕН ВЕНГЕР АРСЕНАЛДАН КЕТЕТІН БОЛДЫ

АРСЕН ВЕНГЕР АРСЕНАЛДАН КЕТЕТІН БОЛДЫ

«Арсенал» футбол клубының бас бапкері Арсен Венгер 2017/18 жылғы маусым аяқталған соң қызметінен кетеді, деп хабарлайды prosports.kz сайты.
Бұл туралы лондондық команданың баспасөз қызметі жазды. 


68 жастағы маман 22 жылдан бері «Арсеналдың» екі тізгін, бір шылбырын бір өзі ұстап келді. Осы аралықта команданы 1228 мәрте алаңға бастап шығып, 704 ойында жеңіске жеткен. Үш дүркін Англия чемпионы (1997-98, 2001-02, 2003-04). Сонымен қатар Англия кубогы мен Англия Суперкубогын 7 реттен жеңіп алған.
Алайда, команданың соңғы жылдардағы сүреңсіз ойынына жанкүйерлердің көңілі толмай, француз бапкердің орнын босатуын талап етушілер саны артқан болатын. 
20 сәуір 2018 ж. 1 130 0