№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Әннің де естісі бар, есері бар

Әннің де естісі бар, есері бар


Біз қандай ән тыңдап, қандай ән шырқап жүрміз? Жасөспірімдер қандай ән тыңдауға әуес? Елді аузына қаратып, жұлдыз атанып жүрген әншілердің бәрі бірдей есті ән салып жүр ме? Жас шыбықтай иіліп тұрған балғын жастар кімді тыңдап, қай тұлғаны үлгі тұтып жүр?


Бүгінгі таңда әркімнің ақылшысы өз қалтасында. Яғни, қалта теле­фоныңа үңіліп, үлгі тұтатын адамыңды да, қажетті ақпаратыңды да ала қоясың. Сахна саңлақтарының өнері мен өмірі, тіпті күнделікті тұрмыс-тіршілігі насихатталып қана қоймай, олардың киген киімі, ішкен асы бар көрген-баққан қызық-шыжығы экранның бетіндегі тыныс-тіршілікке сыйып тұр. Осы әншілердің өмір жолын үлгі тұтып, шырқаған әнінен мотивация алатын жастар жеткілікті. Ақылшысы қалтасында, соның дегеніне көнген ұл-қызының кімнің әнін тыңдап, кімге қызығып жүргенің ата-анасы да біле бермейді.
Сонымен жастарымыз қандай ән тыңдап жүр? Халықтық әндер ме, жоқ шетелдік музыка ма? Ал оның жеткіншекке тигізер пайдасы мен зияны қандай?
Иә, халық әндері осы уақытқа дейін адамның көңіліне майдай жағып, мән- мағынасы кісіге көл-көсір әсер сыйлап келді. Тек қазіргі уақытта осы маржандарымыз шеттен келген әләуләймен астасып кетті. Ән тыңдаймын деген адамға, әннің түрі жеткілікті. Тек бір қыңжылтатыны, соңғы кездері шығып жатқан әндердің сөзін естігенде шошып, ән тыңдауды дереу доғара қоямыз. Расымен, қазір қазақ әндерінің стилі өзгеріп кеткендей. Қай бағытта тыңдаймын десең де ән табылар, бірақ көңілге жағары аз. Сөз мағынасын ашуға тапқан теңеулері, бірнеше тілді араластыруы, онымен қоса қарақан басының қайғысынан аса алмауы жалықтырып жібереді. Шала-шарпы жазылып, оқырман жүрегіне жол таппаған бұл әнсымақтарды бірнеше топқа бөліп, қарастыратын уақыт та келді. Бұл әндердің дені махаббат, достық, көше әндері және q-pop болып бөлінеді. Әрбірінің өз тыңдармандары бар.
Жастар қай жанрды тыңдайды?
Бүгінде жасөспірімдердің жүрегін жаулаған стиль- q-pop. Q-pop дүние жүзіндегі интернеттің, жаңа технологиялардың дами түсуімен қатар қанат байлаған таралуы кең табысты жанр. Бірақ мұның біздің қазақ қоғамы шошитындай кемшілігі де бар. Егер оның орындаушылары жігіт басымен құлағына сырға салып, киіну стилі тұрпайы, шашын бояп, қас теріп жүрсе, оғаш көрінбей қайтсін? Бұл- қазақ қоғамына, менталитетіне жат ұғым, бөтен түсініктегі жанр. Дегенмен, жасөспірімдер жағы осы құбылысқа әуес. Өйткені, жеткіншектерде еліктеу жағы басым. Қазіргі таңда жасөспірімдердің көпшілігінің альбомдағы суреттері, әлеуметтік желіге қойған фотолары, көрген фильмдеріне дейін осы жанрдың табынушысы екенінен хабар береді. Тіпті, айналамызда осындай келбеттегі жігіттерді көріп қалатын болдық. Киіну стилі бөлек, жүріс-тұрысы оғаш , шаш үлгісі де өзгеше бозбаланың осындай әлпеті көрер-көзге ерсі көрінетіні анық. Ал бұл- q-pop бағытының жеңісі мен жемісі.
Иә, бала үлгі тұтарлық адамды алыстан емес, айналасынан іздегені дұрыс. Бәрінен де әкеге қарап оқ жонып, шешеге қарап тон пішуді үйренгендердің өмірде жолы ашық. Сондықтан өзіңнен кейінгіге үлгі бол. Сонда ғана өзіңе-өзің ұқсайсың, өзіңнен-өзің кетпейсің. Есімізді жинай алсақ есті әндердің есесі кетпейді деп сенеміз.

Фариза ТӨРЕХАНОВА

23 сәуір 2024 ж. 1 985 0