№39 (8750) 18

18 мамыр 2024 ж.

№38 (8749) 14

14 мамыр 2024 ж.

№37 (8748) 11

11 мамыр 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » "ХХ ғасыр адамы"

"ХХ ғасыр адамы"



Жаңақорған ауданының 95 жылдық мерейтойына орай Жаңақорған ауданы әкімдігі мен аудандық мәдениет және спорт бөлімінің қолдауымен Қожакент ауылында мемлекет және қоғам қайраткері, "Социалистік Еңбек Ері", "Ленин", "Октябрь революциясы" және "Құрмет белгісі" ордендерінің иегері, Жаңақорған ауданының "ХХ ғасыр адамы" Әбдікәрімов Исатай Әбдікәрімұлының туғанына 100 жыл толуына орай "Елмен егіз туған ер" тақырыбында облыстық ақындар мүшәйрасы өтті.
Қара сөздің қадірін түсініп, өлең мен жырды жанына серік еткен 8 ақын мүшәйра шартына сәйкес Жаңақорған ауданының 95 жылдығы мен кемеңгер тұлға И.Әбдікәрімұлына арнаған жүрек жарды жырларынан шашу шашты.
Ауданымыздың тарихымен бірге Исатай Әбдікәрімұлының өмірі мен еңбек жолы жайында тың деректер айтылған жыр бәйгесіне Қазақстан Журналистер және Жазушылар одағының мүшелері, ақын Қаршыға Есімсейітова мен Дүйсенбек Аяшұлы, сондай-ақ "ҚР Мәдениет саласының үздігі", ақын Әбілқайыр Әбілпаттаұлы қазылық етті.
Тартысты өткен жыр бәйгесінің қорытындысы бойынша жүлделі І орынды Шиелілік ақын Талғат Күзембаев иеленсе, ІІ және ІІІ орындарға Қызылорда қаласының атынан қатысқан ақын Ғабит Кәдірбай мен Қармақшы ауданының ақыны Мөлдір Тәңірбергенова лайық деп танылды. Нұрхан Қарабалаев (Жалағаш), Ерсұлтан Мұстафаев (Жаңақорған), Сағыныш Мұхитқызы (Қазалы), Хамилла Әуезбаева (Қазалы), Ақерке Балманова (Сырдария) сынды ақындар алғыс хатпен марапатталып, жеңімпаздар мен мүшайраға қатысушы барлық ақындарға арнайы дипломдар мен сертификаттар табысталды.
08 қазан 2023 ж. 153 0