№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

АРЫНДЫ АҚЫН

Файзулла Сахиевтің ғұмырнамасына жіті көз салсаңыз, оның сан қырлы, сан саналы жан екендігіне көзіңіз жетеді. Ал, шығармашылық шеберханасын байыптаса сөзден терме теріп, ою ойған логикалық пайымы мен парасаты биік ақын екендігін мойындайсыз. Биыл сөз өнерінде өзіндік қолтаңбасы бар қаламгер 70 жасқа толды. Осынау мерейлі жасқа толуын ауылдастары жоғары деңгейде атап өтті.

Файзулла Пәзілбекұлының поэзия әлемінде есімі ерекшеленіп тұрады. Оның қаламынан туған туындылары тың тақырыптарға арқау, қоғамдағы өзекті мәселелерге ойталқы бола алады. Туған жер туралы толғаған өлеңдері кейінгі жастарға патриоттық тәрбие берді.
Ақын өлеңдері табиғатпен де үндес табады. Оның болмысы – таудың, даланың ең бастысы табиғаттың көркем суретімен тілдеседі. Суреткерлік қасиетімен қоса, қазақтың маржан тілін мықтап меңгерген ақын. Иә, асыл сөздің қадірін зерделеп, қазақ әдебиетінде қолтаңбасы қалған қаламгер Файзулла Сахиевтің де еңбегі бір төбе. Поэзия мен қоса ақындықтың асқарына шыққан Файзулла Пәзілбекұлы биыл 70 жасқа толды. Төл мерекесіне орай журналистті жас ақындар жырға қосып, шығармаларын оқырмандарға қайта ұсынды.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Рухани қазына», «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ақынның туған жері Қосүйеңкі ауылындағы клуб үйінде өткен мүшайрада жас жазба ақындар қалам тербеді. 11 ақын жүректен шыққан өлеңдерімен көрермендерді де сусындатуға тырысты. Алдымен, кеш иесін мерейтойымен игі жақсылар құттықтап, ізгі тілегін ақтарды. Ауыл әкімі Жанабай Орынбасаров жергілікті тұрғындар атынан жылы лебізін білдіріп, құрмет көрсетті. Әбсұлтан Байгенжеев пен ақынның немерелері атасына ән арнап, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ал, сахна төріне көтерілген Әлібек Сүгірбаев пен Ізәтілла Нәрзілдаев кеш иесіне ақжарма тілегін жеткізіп, әннен де шашу шашты. Жалпы, ақынның тұлғалық болмысын, шығармашылық әлеуетін ашып берген «Жаңақорған тынысы» газетінің бас редакторы Нұрлат Байгенже әріптесіне сый көрсетті. Ауыл ақсақалдар атынан Есенқұл Кимербеков, Тұралбек Мырзахметов ақ батасын берсе, мектеп директоры Нұрлан Бердиев пен Қалмұрат Мұсаев ақынды төл мерекесімен құттықтады.
Сонымен, шын жүйріктер шыңдалатын жазба ақындар мүшайрасына келген он бір ақын екі тақырыпта жыр аламанына қосылды. Алғашқысы, Файзулла ақынның шығармасынан жас буын өлеңін оқыды. Яғни, таланттылар ақынның жанына жақын тұтқан шығармасынан сыр шертті. Одан кейін, Сахиевке арнау өлеңдері тыңдалды. Бірі ақынды жыр алыбына теңесе, енді бірі поэзия әлемінің нар тұлғасына балады. Қазақта «шын жүйрікке тұсау жоқ» демекші, өлеңінің ұйқасы мен иірімін келтіру үшін бар талантын көрсетіп, шын шабысты ақын екенін дәлелдеуге тырысқан қатысушылардың ішінен озықтары анықталды.
– Кешті ұйымдастырудың себебі Файзулла ақынның шығармасын қайта жаңғырту арқылы ұрпақ сабақтастығын қалыптастыру. Ақынның жүрген жолын өнеге ретінде соңынан еріп келе жатқан шәкірттеріне насихаттау болатын. Бүгін барлық ақынның шын таланты шыңдалды. Кемшіліктер болды, оны жастар сын таразысынан өткізіп, алдағы уақытта түзетер, дегенмен шара өтті жоғары деңгейде өрбіді, – деді клуб үйінің директоры Әлімхан Ахтаев.
Барлық жазба ақын «Жырлайды жүрек» атты тақырыпта өткен мүшайрада шабысына шаң жуытпауға тырысты. Дегенмен, жүлде санаулы. Қазылар алқасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ержан Елеуов пен төраға Уәли Ибрагимов кешті қорытты. Әрі, ақындарға ақылын айтып, келешекте қандай бағытта қалам тербеу керектігін көрсетті.
Үшінші орынға Амангелді Зейнеп лайық деп танылса, жүлделі екінші орынға Нұржан Әлтаев жайғасты. Ал, бірінші орын жайылмалық жігерлі ақын Мадияр Оспановқа бұйырды.
Қорықпай өмір соққы дауылынан
Ықпаған тағдыр талай ағымынан.
Таң тұлпармен додаға тізгін тартып,
Келді өлеңге қамшы басып сауырынан... деп тербеген Шалқия кентінен келген Айман Үсенова бас жүлдені қанжығасына байлады. 30 жасқа дейінгі ақындар сынға түскен жыр додасының нүктесін кеш иесі қойды. Оқырмандарына алғыс айтып, шәкірттеріне ақ батасын берді.
– Әрине, өте қуаныштымын. Кіл жүйріктен кім жүйріктіні анықтайтын жыр додасында бас жүлдені иелену мен үшін үлкен абырой. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз. Жалпы, Файзулла Сахиевтің әрбір өлеңі қазіргі қоғамның шындығын астарлап жеткізіп тұрады. Сондықтан, ақынның бұдан да биік шыңға өрлеуіне тілектестік білдіреміз, – деді жарыс жеңімпазы.
Әлібек ТЕМІРБЕК.
05 мамыр 2018 ж. 1 222 0