№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » » Сценарий жазудың қыр-сырын үйретті

Сценарий жазудың қыр-сырын үйретті


– Сценарийдің түрлері көп. Кез келген мәден-рухани шараға сценарий жазылады. Қандай әнші шығады, қандай оқиғалар орын алады. Соның барлығы қағаз бетіне түсіріледі. Киносценарий деген бар. Онда кино түсірілмес бұрын әрбір түсірілетін сюжетке дейін пысықталып, қандай кейіпкер қайда, қалай сөйлейтіні хатталады. Сценарий жазуда кәсіби маман өмірден жинақтаған білімі, оқиғалармен байланыстыра алуы, аудиторияға өтімді сюжет құруы тиіс. Оның ой-өрісі қанша кең болса, ақпаратты көрермен тамсанып тыңдайтындай, тартымды етіп беруі арқылы шара жоғары деңгейде өтеді. Яғни сценарий жазудың өзіндік қиындықтары бар, әрі өте қызықты болып келеді, – деді сценарий жазудан шеберлік сағатын өткізген Зульфия Шалабаева.
Сабақ барысында жазылған сценарийден тақырып пен идесы, одан соң шешімі көрініп тұруы жан-жақты баяндалды. Әрі қатысушылар іс-әрекеттің даму тұсы, кульминация, таныстыру, финал, эпизод сынды элементтердің қалай қолданылуы жөнінде дәріске қанықты. Бесарық ауылдық клуб үйінің директоры Жәнібек Сыздықов болса тың идеяларын қосып, сабақтың одан әрі қызықты өтуіне атсалысты.
21 қыркүйек 2019 ж. 1 407 0