№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Ұлттық банк телефон алаяқтарының көбейгенін ескертті

Ұлттық банк телефон алаяқтарының көбейгенін ескертті


Алаяқтар өздерін Ұлттық банк қызметкері ретінде таныстырып, қазақстандықтардың жеке деректерін біліп алуға тырысады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұлттық банктің мәліметінше, олар әртүрлі сылтаумен азаматтарды смартфонына банктің мобильді қосымшасын немесе қашықтан басқаруға арналған сервисті орнатуға үгіттейді.
«Осыдан кейін қаскөйлер смартфонды қашықтан толық басқаруға мүмкіндік алады: шот ашады, кредит рәсімдейді және ақша ұрлайды. Телефон арқылы сөйлесу кезінде дербес әрі жабық деректерді (шотта сақтаулы соманы, СМС пен CVV кодтарды) беруді талап етеді», деп ескертті Ұлттық банк.
 
Азаматтардың жеке деректеріне қол жеткізу үшін алаяқтар неше түрлі қитұрқы әрекеттерге барады. Олар Ұлттық банк қызметкерінің жеке басын растайтын құжаттарды, сондай-ақ ақшалай операциялар бойынша хаттарды немесе анықтамаларды қолдан жасайды.

 
«Ұлттық банк жеке тұлғаның шотына қызмет көрсетпейді, жеке тұлғалармен ақшалай есеп айырысу мен мәмілелер жасаспайды. Қазақстан азаматының шотына қатысты қандай да бір алаяқтық әрекет, дербес деректердің жария етілуі және екінші деңгейлі банктерде несие ресімдеу секілді мәселелер бойынша жеке тұлғаларға қоңырау шалмайды», деп мәлімдеді Ұлттық банк.
 
Ұлттық банктегі шоттар тек қана Ұлттық банктің, екінші деңгейлі банктердің және саны шектеулі заңды тұлғалардың операцияларын есепке алу үшін ғана ашылуы мүмкін.
- «Ұлттық банктен» күмәнді хат немесе осыған ұқсас қоңырау қабылдасаңыз, міндетті түрде құқық қорғау органдарына хабар беріңіз, - деп кеңес берді ведомство.
15 сәуір 2022 ж. 718 0