№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » COVID-19 екінші толқынында дәрі-дәрмек тапшылығы болмайды – СҚ-Фармация

COVID-19 екінші толқынында дәрі-дәрмек тапшылығы болмайды – СҚ-Фармация

30 қыркүйекке дейін коронавирус инфекциясын емдеуге арналған дәрі-дәрмектің екі айлық қоры құрылады. Бұл туралы «СҚ-Фармация» компаниясы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Коронавирустық инфекцияның екінші толқынына дайындық аясында Қазақстандағы Бірыңғай дистрибьютор республикалық және жергілікті деңгейлерде дәрі-дәрмек сатып алу және тұрақтандыру қорларын қалыптастыру жұмыстарын жалғастыруда.
«Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында дәрілік заттарды сапалы жоспарлау және сатып алу бойынша шаралар қабылданды. Сертификаттау мен тіркеу рәсімдері және бір жолғы әкелу рәсімдері жеңілдеп, дәрі-дәрмекті сертификаттау рәсімдері 1 айдан 3 күнге дейін қысқартылды. COVID-19 емдеуге арналған жаңа препараттарды тіркеу рәсімі 6 айдан 2 айға дейін жеделдетілді, ел дәріханаларына 10 млн астам дәрілік заттар жеткізілді», – деп хабарлады СҚ-Фармация.
Одан бөлек, амбулаториялық деңгейде дәрілік препараттар тізбесі кеңейтілді – 8,6 млрд теңгеге 1 млн адамға арналған 5 дәрі түрін қамтитын COVID -19 нозологиясы енгізілді. Қазіргі уақытта дәрі-дәрмек медициналық ұйымдарға жіберіліп, науқастарға таратыла бастады. Бүгінгі күні республиканың барлық медициналық ұйымы дәрілік заттардың бір айлық көлемімен қамтамасыз етілген. 30 қыркүйекке дейін коронавирустық инфекцияны емдеуге арналған дәрі-дәрмектің екі айлық қоры құрылады.
«СҚ-Фармация» ЖШС базасында Республикалық тұрақтандыру қоры мен 11 өңірлік тұрақтандыру қоры құрылды. Мәселен, Алматы қаласында 5 млрд теңгенің, Нұр-Сұлтанда 1,2 млрд теңгенің тұрақтандыру қоры бар. 1,2 млн диагностикалық ПТР тесті көлемінде резерв құрылды. COVID -19 зертханалық диагностикасының тәуліктік әлеуеті 59 мемлекеттік және жеке меншік ұйымға артты. Осылайша, тестілеу қуаты, қажет болған жағдайда 1 қыркүйектен бастап тәулігіне 64 мыңға дейін жетеді.
01 қыркүйек 2020 ж. 770 0