№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » » Құрметті кәсіпкерлер!

Құрметті кәсіпкерлер!


14 тамызда бас санитарлық дәрігердің қаулысы қабылданып, оған сәйкес бизнестің жұмыс бастау тәртібі белгіленді. Жоғары эпидемиологиялық қатерлерге байланысты кәсіпкерлік қызметке жұмыс істеуді электронды шешімдер жүйесі арқылы рұқсат беру туралы шешім қабылданды.
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бас санитарлық дәрігердің қаулысы шыққан күні InfoKazakhstan платформасын іске қосты. Платформа арқылы әр кәсіпкер қызметті жаңартуға өтініш бере алады.  Бұл платформа, құрметті кәсіпкерлер, сіздерді кабинеттерді аралап, құжат жинаудан босатады.
InfoKazakhstan платформасына кірген бойда деректеріңіздің бір бөлігі (кәсіпорын атауы, БСН) автоматты түрде жүктелетіні маңызды, қалған формаларды толтыру небәрі 10-15 минут уақыт алады. Назар аударыңыздар, әзірге платформа сервисін десктоп-нұсқада – компьютер арқылы пайдалануға болады, мобильді нұсқа әзірлену үстінде.
Жұмысты бастауға рұқсат алудың тексерумен және тексерусіз екі түрі бар.
Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес бизнес түрлерінің басым бөлігі, шамамен 90 пайызы тексерусіз, хабарландыру тәртібінде іске қосылатыны маңызды! Демек, мониторингтік топтың келуін күтпей-ақ қызметті бастауға болады.
Мониторингтік топтың тексеруі кәсіпкерлік қызметтің небәрі 5 түріне қолданылады: сауда және ойын-сауық орталықтары, азық-түліктік сауда базарлары, азық-түліктік емес базарлар, балалар сауықтыру лагерлері, бильярд және боулинг залдары.
 Жұмысты тексерусіз, хабарлама тәртібінде қайта бастауда ҚАРАПАЙЫМ ҮШ ҚАДАМ:
1-кадам. InfoKazakhstan сайтына кіріп, нысанды электронды цифрлық қолтаңба арқылы тіркеу.
2-қадам. Бас санитарлық дәрігердің қаулысынжүктеу және кәсібіңізге қойылған санитарлық талаптармен танысып, оны электронды цифрлық қолтаңба  арқылы растау.
3-қадам. Жеке кабинетте және электронды поштада дайындық туралы актісін алып, жұмысты бастау.
Тексерудің болмауы, жауапкершіліктен босатпайды. Қоғамдық бақылау, кез келген келуші бұзушылық туралы ақпаратты бақылаушы органға жібере алады.
Егер кәсібіңіз көпшілік жиналатын нысандар, балалармен тактильді қатынас жасалатын бизнес түріне жатса, онда  жұмысты бастауға рұқсатты алу үшін санитарлық талаптарға сай келу бойынша тексеруден өту қажет, яғни рұқсат беру тәртібі қолданылады. Бұл қажетті процедура деп санаймыз.
Порталда толтыру процедурасы да қиын емес.
1-қадам.InfoKazakhstan сайтына кіріп, нысанды электронды цифрлық қолтаңба арқылы тіркеп, бас санитарлық дәрігер қаулысын жүктеп, кәсіп түріне қойылған талаптармен танысу қажет. Талаптармен  мұқият танысып, электронды цифрлық қолтаңба арқылы растау қажет!
2-қадам. Нысанды санитарлық талаптарға сәйкес дайындау.
3-қадам. Мониторингтік топтың тексеруінен өту.
4-қадам. Егер бәрі дұрыс болса, сайттағы жеке кабинеттен және электронды поштаға санитарлық нормаларға сәйкестік актісін – жұмысты қайта бастауға рұқсатты алып, жұмысты бастау.
Электронды рұқсатты басып шығарып, соның ішінде мониторингтік топтың келуі жағдайына қарай рұқсаттың қағаз көшірмесін іліп қою қажет.
Айырмашылық тексеруде ғана, егер өтінім берген соң нәтиже теріс шықса, онда тексеруден екінші рет өтуге болады!
 Әлем үнемі өзгеру үстінде, шарттар өзгереді, қазіргі жағдайда бизнеске қойылатын талаптар қатаңдатылуда. Мысалға, банкет залдары, бассейндер жұмысы әлі шектелген. Біз ілгері жүріп келеміз, Үкімет және жергілікті атқарушы органдармен барлық деңгейде күнделікті келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Бизнестің жұмыс істеуі эпидемиологиялық ахуалға әсер етуі күнделікті әрі апта сайын бағаланатын болады. Бізге індеттің өршуін болдыртпау аса маңызды. Сіздердің, сондай-ақ нысанға келушілердің де жауапкершілігі аса маңызды. Дегенмен, бизнестің жауапкершілігі маңыздырақ!
Оқыту бейнероликтер, жаднамалар әзірленді, «Атамекен» ҰКП және өңірлік палаталарының байланыс орталықтары базасында техникалық қолдау көрсету қызметі іске қосылған. Сіздерді басқа да кәсіпкерлерді ақпараттандыруға шақырамыз.
Біздің – 1432 – бірыңғай байланыс орталығымыз күшейтілген режимде жұмыс істеуде! Бұл науқанның маңыздылығын ескере отырып, әр өңірде қолдау қызметі іске қосылған, кеңесшілер жұмыс істейді, олар телефон арқылы тіркеуден өтіп, қалай рұқсат алуға болатыны жайында көмек көрсетеді. Сондай-ақ біз электронды цифрлық қолтаңбаны алуға көмектесеміз, бұл бағытта Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары мен Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарындағы кеңесшілер көмек беруге дайын.
Осы маңызды мәселеде тиімді ынтымақтастыққа сенім артамыз! Санитарлық нормаларды сақтау – тексеруден өту, қоғамдық мониторинг жағдайында ғана емес, бірінші кезекте жеке қауіпсіздігіңіз, қызметкерлеріңіздің қауіпсіздігі, ұйымдарыңыздың беделі үшін қажет екенін атап өткім келеді!

atameken.kz 
17 тамыз 2020 ж. 643 0