Соңғы жаңалықтар

Көк жөтел ауруы жайлы.

26 сәуір 2024 ж. 79

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » » Қызылордада журналист ауыл әкімі болды

Қызылордада журналист ауыл әкімі болды

Қармақшы ауданы әкімі М. Қалдарбековтың өкімімен Тұрсынбаева Нұржамал Бектайқызы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес 2020 жылдың маусым айынан бастап Ақжар ауылдық округі әкімінің лауазымымен көзделген міндеттерді уақытша атқаруға міндетті арнайы тексеруден өткені туралы нәтижелерді алған күніне дейін еңбек шарты негізінде қызметіне қабылданды.

Нұржамал Бектайқызы 1967 жылы Қармақшы ауданында дүниеге келген.
Еңбек жолын 1984 жылы Қармақшы аудандық «Қармақшы таңы» газетінің тілшісі болып бастаған.
Әр жылдары облыстық «Ленин жолы» газетінің тілшісі, Қармақшы ауданы Ақжар ауылы № 28 орта мектеп мұғалімі, 2005 -2019 жылдары облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы болып қызмет атқарды.
2019 жылдың тамыз айынан бастап облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ-нің маманы болып қызмет атқарып келді.
02 маусым 2020 ж. 543 0