Антарктидада жылдық табысы 85 мың долларды құрайтын жұмыс орындары ашылды
Австралияның Антарктика бөлімі 2020-2021 жылдарға арналған Антарктида станциясында жұмысшыларға жұмыс орындарын ашты.
Үміткерлерге жылдық жалақысы 85 мың долларды құрайды, деп жазады The Sun.
Үміткерлерге жылдық жалақысы 85 мың долларды құрайды, деп жазады The Sun.
Ұйым жатар орны мен тамақтану үшін барлық шығындарды өз мойнына алады. Қызметкерге жалақыдан басқа арнайы жәрдемақы төленеді. Мысалы, дәрігердің жалақысы 199000 долларды құрайды, оған қосымша жәрдемақы - 60 974 доллар. АТ қызметкеріне жылдық жалақысы 50 000 АҚШ доллары және жыл сайынғы жәрдемақы 41000 АҚШ доллары көлемінде төленеді. Шамамен бірдей жалақы сантехниктерге, электриктерге және ағаш ұсталарына ұсынылады.
Ғылыми база сонымен қатар аспазшыларды, логист мамандарды, IT мамандары, дәнекерлеушілер, механиктер, бетоншылар және басқаларды іздейді. Ғалымдар «оқшауланған қоғамдастықта» тұрып, жұмыс істейтін адамдарды іздейді.
Басылым жазда Антарктида станциясында 100 адамға дейін, ал қыста - шамамен 20 адамға дейін жұмыс істей алатындығын атап өтті. Кандидат таңдаудың екі кезеңінен өтуі керек екені белгілі: адамның шағын Антарктикалық қоғамдастықта ұзақ уақыт бола алуға бейімдігі. Мұны ұзақ уақытқа созылған сұхбат кезінде анықтайды. 2020 жылдың 23 қаңтарына дейін өтініш қабылданады.