» » » Жаңақорған аудандық сотында «Ашық есік күні» өтеді

Жаңақорған аудандық сотында «Ашық есік күні» өтеді


Қызылорда облыстық сотының төрағасымен  бекітілген кестеге сәйкес, 20 қыркүйек 2019 жылы сағат 16:00-18:00 аралығында Жаңақорған аудандық сотында «Ашық есік күні» шарасы өтеді.

«Ашық есік күні» шарасына азаматтар немесе заңды тұлғаның өкілдері қатысып, сот жұмысына немесе басқа да мәселелер бойынша өз сауалдарын қоя алады.
Қосымша ақпарат алу үшін (8-724-35) 21-4-84 телефон нөміріне хабарласуға болады.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
19 қыркүйек 2019 ж. 1 243 0