«Тұрмыс» жедел-алдын-алу іс-шарасы өткізілуде
Әрбір азамат нақ бүгінгі күніне, келешегіне кінәрат жуытпай, сенімді өмір сүруі үшін әрбір атқарған іс әрекетін заң аясында адал атқарып, адами мінез-құлқын мінсіз қағидаларымен байытуға күш салуы керек.
Әсіресе халық қызметінде жүрген тұлғаларға қойылар талап зор. Бұл тұрғыда тиянақты жұмыс атқару үшін әрбірімізге бай білім, терең төзім, құқықтық сауаттылық қажет. Өз міндетінің жауапкершілігін жете сезінбеуден қате қадамға бару заңбұзушылықты туындатып қана қоймай, қоғамға да қиянатын тигізуі мүмкін. Заңды қасақана бұрмалау фактілерінің тыйылмай келе жатуы да саналық тұрғыдан төмен, өзі өмір сүрген қоғамның құндылықтарына құрметпен қарау сынды қасиетті борышты аттап өтуден арланбайтын алаяқтық көріністерді жиі көлденеңдеп отыр. Осындай заңбұзушылықтарды анықтауда.Елімізде демографиясы өсіп келе жатқан халықтың әлеуметтік жағдайы бәрінен де өзекті. Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында, оның ішінде масаңқы күйде және бұрын сотталғандармен жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Жаңақорған аумағында ағымдағы жылғы 24-30 мамыр аралығында «Тұрмыс» жедел-алдын-алу іс-шарасы өткізілді. Осы орайда Жаңақорған аудандық АПб ЖПҚб полиция аға лейтенанты А.Туребеков баспасөз-қызметтерінің мүмкіндіктерін қолдана отырып, БАҚ-та, оның ішінде интернет-ресурстарды және әлеуметтік желілерде («Инстаграм», «Фейсбук», «ВК» және басқалар) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы бойынша жүргізіліп жатқан профилактикалық іс-шаралар туралы сюжеттер (бейнероликтер) жариялау бойынша имидждік жұмыс ұйымдастырылған.
Іс-шара аясында отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқыққа қарсы іс-әрекеттер анықталған жағдайда, құқық бұзушыларға ҚР ӘҚБтК-нің 73,73-1 және 73-2 және т.б. баптарымен әкімшілік шара көру көзделген.
Кодекстің 73 бабында құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, – ескерту жасауға не үш тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алу көзделген.
Осы Кодекстің 73-1 бабында- Денсаулықтың қысқа мерзімге бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетін тұрақты түрде болмашы жоғалтуға әкеп соққан, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру –он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу көзделген.
Кодекстің 73-2 бабында- Тән ауруына ұшыратқан, бiрақ денсаулыққа жеңіл зиян келтiруге әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерiн жасау –он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу көзделген.