Қоғамдық қабылдау жүргізді
Бүгін, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Мұхимов Абзал Сансызбайұлы мен Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Бердібаев Ерлан Құлахметұлымемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселесі бойынша қоғамдық қабылдау өткізді.
Қоғамдық қабылдау қалалық сәулет және қалақұрылысы, құрылыс, жер қатынастары, ауылшаруашылығы және ветеринария, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімдері орналасқан ғимараттың кіреберіс фойесінде ұйымдастырылып, сала басшылары мен жауапты мамандары да қатысты.
Қоғамдық қабылдау барысында Департамент басшысы А.Мұхимов пен қала әкімінің орынбасары Е.Бердібаевқа тұрғындар өтініштерін айтып, сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Қабылдауда 13 азамат болды. Олардың 6-уы жер мәселесіне, 5-уі тұрғын үй мәселесіне және 2-уі ауылшаруашылығына қатысты өтініштерін білдірді. Бірқатар азаматтарға қабылдау барысында заңға сәйкес түсіндірме берілсе, бірқатырының мәселелері бойынша заңға шешім қабылданатыны жеткізілді.