№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » АПТАП ЫСТЫҚТАН САҚТАНУҒА АРНАЛҒАН 10 ОҢАЙ ӘРІ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕР

АПТАП ЫСТЫҚТАН САҚТАНУҒА АРНАЛҒАН 10 ОҢАЙ ӘРІ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕР



1. Суық су ішпеңіз. Суық су шөлді баспайды, есесіне бес минуттан кейін-ақ термен бірге шығып кетеді. Сол себептен, шай немесе тәтті емес квас ішкен дұрыс. Шөлден өткен экспедиция құрамындағы адамдардың да 45-50 градус ыстықта көк шай қайнатып ішетіні де сол себептен. Ал күн ыстықта газдалған сусындардан мүлдем аулақ жүру керектігін айтпаса да белгілі шығар. Оларды ішкен сайын тағы іше бергің келеді. Сол себептен өзіңізбен келесі сусынды алып жүрген дұрыс: бір литр көк шай қайнатып, суыған кезде оған лимон, бал және жалбыз қосыңыз. Ішетін кезде мұз қосып ішкен абзал.
2. Далаға шыққанда көлеңкенің астымен жүруге тырысыңыз. Ыстықтан құтыламын деп тез жүрмеңіз. Бірақ, тым баяу жүрген де дұрыс емес.
3. Жапондықтардың "мойын мұздатқыш" деп аталатын тәсілін пайдаланыңыз. Ол үшін кез-келген орамалды суық сумен сулап мойныңызға байлап алаңыз. Орамал кеуіп кеткен кезде тағы да сулап алаңыз. Бір-екі минуттың ішінде өзіңізді бірден сергек сезінесіз.
4. Даладан кірген бетте бірден аяғыңызды тобығыңызға дейін суық сумен жуыңыз. Ол жерде биологиялық белсенді нүктелер шоғырланған. Температураның ауытқуы оларға жағымды әсер етеді.
5. Күндіз мүмкіндігінше ұйықтап алуға тырысыңыз. Адам ұйқыға кеткенде, оның дене температурасы автоматты түрде төмендейді.
6. Ішімдік ішуден аулақ болыңыз. Алкоголь дене температурасын жоғарлатады. Сондай-ақ, ұйықтар алдында ет жемеңіз. Ет қорыту да дене температурасын жоғарлатады.
7. Суық судың орнына жылы сумен жуыныңыз. Суық су қан тамырларының тарылуына алып келеді. Ал қалпына келгеннен кейін бұрынғыдан да кеңейтеді. Оның орнына жылы сумен жуыныңыз. Температураның ауытқуы онша сезілмейді.
8. Пульверизаторға су құйып, жан-жағыңызға шашып жүріңіз. Бұл жабық кеңістіктерде көп уақыт өткізетін адамдарға жақсы көмектеседі.
9. Еденді суық сумен жуып тұрыңыз. Ол кезде терезелер ашық болған абзал. Терезеден кірген жел еденнің су арқылы суып, бөлменің температурасын төмендетеді.
10. Жалаң аяқ көбірек жүруге тырысыңыз. Аяқта энергетикалық нүктелер өте көп. Оларды қоздырғанның нәтижесі денеге жағымды әсер етеді.
17 шілде 2019 ж. 541 0