№52 (8866) 15

15 шілде 2025 ж.

№51 (8865) 12

12 шілде 2025 ж.

№50 (8864) 9

09 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » 7 жасар баласын өлімші етіп сабап, жедел жәрдем шақырмай қойған

7 жасар баласын өлімші етіп сабап, жедел жәрдем шақырмай қойған



Отағасы балаларын аяусыз ұрып-соғып, тәртіпке шақырған
 Украинаның Харьков облысы тұрғыны ұлын өлімші етіп сабап, жедел жәрдем шақыртқызбай қойған. Бірнеше күннен соң бала көз жұмды, деп жазады. 
Жергілікті прокуратура жеті жасар ұлын қатыгездікпен өлтірген Шевченково ауылының 34 жастағы тұрғынына қатысты айыптау актісін сотқа жіберді. Бұл туралы Харьков облысы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлайды.
2019 жылдың ақпанында ер адам кішкентай балаларын "тәртіпке шақырған". Әкесінің пікірінше, жеті жасар ұл мен сегіз жасар қыз бұзық болып, тіл алмаған көрінеді. Ұрысудың арты ұрып-соғуға ұласып, айыпталушы ұлын төсектің темір тағанына қарай лақтырып жібереді. Бала басынан соққы алып, қатты ауырсынып, лоқси бастайды. Тіпті аяғын басып, жүре алмайтын халде болған.
                                                                                                   
                                                                                                            Cпутник.ньюс сайтынан алынды. 
09 шілде 2019 ж. 754 0