№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» 12 желтоқсаннан бастап қазақстандықтар ХҚКО-ларда саусақ ізі арқылы қызмет ала алады

12 желтоқсаннан бастап қазақстандықтар ХҚКО-ларда саусақ ізі арқылы қызмет ала алады

  12 желтоқсаннан бастап қазақстандықтар халыққа қызмет көрсету орталықтарында жеке куәліксіз қызмет ала алады. Ол үшін тек биометриялық мәлімет жеткілікті. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап zhanaqorgan-tynysy.kz интернет газеті хабарлайды.

12 желÑоÒÑаннан баÑÑап ÒазаÒÑÑандÑÒÑÐ°Ñ Ð¥ÒÐÐ-лаÑда ÑаÑÑÐ°Ò ÑÐ·Ñ Ð°ÑÒÑÐ»Ñ ÒÑÐ·Ð¼ÐµÑ Ð°Ð»Ð° аладÑ

ХҚКО-ларда пайда болған жаңашылдық жөнінде «Азаматтарға арналған үкімет».

   КАҚ басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов айтты. Оның сөзінше, ендігі мемлекеттік қызмет алу үшін тұлғаның жеке куәлігі немесе электрондық сандық қолтаңбасы қажет емес. Қазақстандықтар ХҚКО-да саусағының ізін қалдырып, биометриялық мәліметтер базасына тіркелгеннен кейін, сол арқылы мемлекеттік қызметтерді ала алады.

   Бұл жаңашылдық әзірге Астана және Алматы қалаларының тұрғындары қолжетімді болып тұр. Ал еліміздің өзге өңірлерінің тұрғындарына мұндай қызмет 2019 жылы көрсетіле бастайды.

   «Идентификация саусақ ізін сканерлеу арқылы жүргізіледі. Саусақ ізімен адамның жеке мәліметтері шығарылады. Сонда болашақта азаматтар ХҚКО көрсететін барлық мемлекеттік қызметті жеке куәліксіз-ақ ала алады», – дейді басқарма төрағасы.

  Сонымен қатар Абылахан Оспанов ХҚКО-лардың кейбірінде адамдардың сағаттап кезекте тұруға мәжбүр екенін айтты. Ал биометриялық мәліметтердің көмегімен ХҚКО жүктемесін азайтуға болады деп көзделуде.

   «Бүгінде ХҚКО-да көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны артып келеді. Қазір қызметтің негізгі үлесін электронды қызметтер құрайды. Яғни, біздің мақсатымыз азаматтарды орталыққа келмей-ақ, қоғамдық орындарда қызмет алуға үйрету. Мемлекеттік қызметті оңай әрі жылдам алуға болатынын көрсеткіміз келеді», – дейді Оспанов.

   Мұндай жаңашылдықтан кейін еліміздегі ХҚКО-ларда жеке куәлік немесе электрондық сандық қолтаңба арқылы қызмет көрсету жоғалмайды. Биометриялық мәліметтер олармен қатар қолданылатын болады.

   Сонымен қатар басқарма төрағасы болашақта мемлекеттік қызметтерді банктер арқылы алу мүмкін болатынын айтты. Бүгінде биометрия бойынша екінші деңгейлі банктермен де жұмыс жүргізіліп жатыр, дейді ол.
---
13 желтоқсан 2018 ж. 881 0