Соңғы жаңалықтар

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » ЖАС ӨРЕНДЕР СЫНҒА ТҮСТІ

ЖАС ӨРЕНДЕР СЫНҒА ТҮСТІ


Бүгін Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің Жаңақорған ауданы бойынша этносаралық қатынастар жөніндегі сарапшысының ұйымдастыруымен тынығу лагерінде ерекше сайыс өтті. Бесарық ауылдық округіндегі облыстық «Талдысу»тынығу лагерінде өткен«Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы аясындағы ұлттық спорт түрлерінен болған сайысқа 100-ден аса оқушы қатысты.

Кіл мықтыдан, кім мықтыны анықтаған тартысты сайыста жас өрендер қол күресі, асық ату, арқан тарту, қаппен ұру, бұқа тартысы секілді ұлттық ойындарда өзіндік ойын өрнегін көрсетті. Осылайша, балғындардың бос уақытын тиімді өткізуге бағытталған спорттық жоба барысында жеңіс тұғырынан көрінген өрендер ұйымдастырушы тараптың арнайы «Диплом» мен сыйлықтарына ие болды.
18 маусым 2019 ж. 886 0