Қызылордалық оқушының тың идеясын шетелдік Boeing корпорациясы сатып алды

17жастағы Женяның бұдан да басқа ерекше жобаларын шетелдік компаниялар өз қажеттеріне жаратуда. Осыдан қомақты табыс көзін тауып, отбасына көмегі тигізіп жүрген дарынды баланың халықаралық деңгейде жеңімпаз атанған алғашқы жобасы - «Биологиялық процестердің 4 D анимациясы» екен. Ал, қазіргі таңда ютуб желісіне бәсекелес бола алатын видео хостинг ойластырып, соны пысықтау үстінде екен.
Евгенийді әлемнің атақты университеттері, атап айтқанда, Қытай, Ресей, Гонконг, Беларусь, Германия, АҚШ және Оңтүстік Корея елдерінен оқуға шақырту жөнінде хабарламалар күнде келеді екен.Бірақ, өзі туған жерімде оқып, еңбегім туған елімде бағаланса дейді.
Лаура БИБАСАРОВА.