№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ұшатын көлік сатып алғыңыз келе ме?

Ұшатын көлік сатып алғыңыз келе ме?


Өткен жылы "Terrafugia" компаниясы өзінің "Terrafugia Transition" ұшатын көлігін 2019 жылдың басында сатуға шығаратынын мәлімдегене болатын, – деп хабарлайды «Жаңақорған тынысы» газетінің сайты.

Қанаты жиналатын авто-ұшақ 2019 жылдың басында сатылымға шығарылады деп жарияланған. Бағасы 330 мың доллар болады деп күтілуде.  Авто-ұшақтың әуедегі жылдамдығы сағатына 161 шақырымды құрайды екен. Ең ұзақ ұшу қашықтығы – 644 шақырым. Ал жерде болса "Terrafugia Transition" сағатына 100 шақырым шылдамдықпен жүреді. Көлік газ-электр қозғалтқышымен қозғалады және "Boost" функциясымен жабдықталған. Бұл функция қозғалтқыштың қуатын қысқа уақыт ішінде арттыра алады. Сонымен бірге авто-ұшақ 4 қауіпсіздік жастығы және парашютпен қамтылған.  Естеріңізге сала кетейік, "Terrafugia Transition" автомобилін жасау жобасы 2008 жылда басталған болатын. Алғашқы тәжірибе 2009 жылы жасалған. Осыдан кейін авто-ұшақты жасау барысында көп кедергілер туындады. Инвесторлар кетіп қалды. Жаңа инвесторлармен арадағы келісім ұзақ болды. Машинаның сыртқы дизайны өзгерді т.б. Осындай мәселер төңірегінен шыға алмай жүргенде "Terrafugia Transition" әлемде алғаш болып авто-ұшақ шығару мүмкіндігінен айырылып қалды.  2014 жылы "Helicycle Pal-V" оларды басып озып, өзінің екі адамдық алғашқы ұшатын автомобилін сатуға шығарды.
21 ақпан 2019 ж. 1 029 0