Тұрсынбек Қабатов кенже ұлының шілдеханасын дүркіретіп өткізді (видео)

Алайда Тұрсынбектің өзі де, жары да бұл туралы көпшілікке айтпады. Тойға келген әріптестері де әлеуметтік желіде көп фото жарияламады. Соған қарағанда, актер отбасылық қуанышы туралы жария еткісі келмесе керек.
Дегенмен де, Instagram желісіндегі азды-кем фото-видеолардан тойға Қыдырәлі мен Қарақат, Бекболат Тілеухан, Қалқаман Сарин, Серікзат Дүйсенғазин, Балғынбек Имашев сынды танымалдардың қатысқанын байқауға болады.
Той барысында Қабатовтар отбасы мен қонақтар кішкентай Райымбекке арнап би билеген.
