КЕЛЕШЕК ҮШІН КЕМЕЛ ҚАДАМ

Қазақстан халқына арнаған үндеуінде Мемлекет басшысы кезектен тыс өткізілетін сайлау өтетінін жариялап, оның ашық әрі әділ болуына аса жауапкершілікпен қарайтынын мәлімдеді. Елдегі қоғамдық-саяси келісімді қамтамасыз етіп, әлеуметтік-экономикалық мақсат-міндеттерді назарға алатынын атап өтті.
Жалпы алғанда ашық әрі әділ сайлаудың өтуі халықтың пайдасына бағытталады. Билік тұрақты болса, мемлекеттігіміз нығайып, елдің әл-ауқаты жақсарып, әлеуметтік жағдайымыз жақсарып, тұрмысымыз түзеледі. Ең бастысы, еңбек тиімділігі мен өнімділігін арттыру, шағын және орта бизнесті дамыту шаралары ширай түседі. Сондықтан, уақыт күттірмей Мемлекет басшысын сайлап алғанымыз абзал. Оған әрбір қазақстандық жауапкершілік қарауы тиіс.
Өмірсерік ТАҚЫРБАСОВ, Жаңақорған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы