» » «7-20-25»: Пәтерлердің ай сайынғы төлемі қанша болады

«7-20-25»: Пәтерлердің ай сайынғы төлемі қанша болады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жоспары бойынша 2019 жылы әкімдіктер «Нұрлы жердің» 3 355 пәтерін «7-20-25» бағдарламасы бойынша сату үшін бөлетін болады, деп хабарлайды zhanaqorgan-tynysy.kz интернет газеті 24.kz сайтына сілтеме жасап.

«7-20-25» бағдарламасы үшін қолжетімді пәтерлердің ең көп саны Шымкентте (1282 пәтер), Ақтөбеде (605 пәтер) және СҚО-да (411 пәтер) беріледі.
Осыдан бұрын «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер әкімдіктерде кезекте тұрғандар мен Тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің салымшылары арасында бөлінгенін еске саламыз. Алайда, тұрғын үйлерді өткізу қағидаларына өзгерістер енгізуге байланысты жыл басынан «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша берілетін тұрғын үйге «7-20-25» бағдарламасына қатысушылар да қол жеткізетін болды. Егер нарықта тұрғын үйді сатып алу кезінде «7-20-25» бағдарламасына қатысушылар пәтерді құрылыс компанияларының сату бөлімдері арқылы таңдаса, мемлекеттік тұрғын үйді алу жағдайында пәтерлердің болуын және сипаттамаларын жергілікті әкімдіктерден нақтылау қажет.
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде негізінде 1-2-3-бөлмелі пәтерлер салынады.
Пәтерді әкімдіктер арқылы сатып алу жағдайында «7-20-25» бағдарламасы бойынша ай сайынғы төлемдердің болжамды есебін ұсынамыз.




11 наурыз 2019 ж. 930 0