№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Астананың бас имамы қыздарынан айырылған отбасыға 13 миллион теңге жинап берді

Астананың бас имамы қыздарынан айырылған отбасыға 13 миллион теңге жинап берді


Астана қаласында бір үйдің бес баласының өрттен көз жұмуы көпшіліктің қабырғасын қайыстырды. Бұл орайда қазақстандықтар ақша жинап, балаларынан айырылып қалған отбасыға қолдау білдіруде. Бүгінде халықтан бір баспанаға жетерлік ақша жиналыпты, деп хабарлайды Stan.kz.

Елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Мақсатбек Қайырғалиұлының айтуынша, бас имам Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қайғыдан қан жұтқан отбасыға жылу ретінде ақша жиналыпты. Мейірімді жандардың арқасында бір тәулікте жиналған ақша 13 миллион теңгені құрайды.
«Бұл ақша марқұмдардың отбасына табысталады. Осы сәттен бастап шотқа ақша жинау тоқтатылады. Егер марқұмдардың отбасына көмек бергілеріңіз келсе, олардың картасына аудара аласыздар», – дейді мешіт қызметкері.
Еске сала кетсек, Астанада өрт салдарынан бір үйдің 5 баласы көз жұмды: 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылдары дүниеге келген. Олардың ең кішісі – небәрі 3 айлық. Түнде олар тірідей өртеніп кеткен кезде, ата-анасы жұмыста болған.
Бүгін марқұмдардың денесі жер қойнына тапсырылды. Жерлеу рәсімен жүздеген адам жиналды.
05 ақпан 2019 ж. 981 0