ҚАЗАҚСТАНДА СЫРТТАЙ ОҚУ ЖҮЙЕСІ ТОҚТАТЫЛДЫ
1 қаңтардан бастап қазақстандық ЖОО-да сырттай оқу жүйесі тоқтатылады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі сілтеме жасап zhanaqorgan-tynysy.kz интернет газеті.
Ал, екінші жоғары білім алатындар не істейді? Қанша төлеу керек және қандай мамандық таңдау қажет?
Енді университетке жылына екі рет қана барып диплом алу, емтихандарды онлайн жүйесімен тапсыру артта қалады. Себебі, 1 қаңтардан бастап қазақстандық жоғары оқу орындарында сырттай оқу тоқтатылады.Білім министрлігі осындай шаралармен оқыту сапасын жақсартуға ниетті. Өйткені, сыртай білім алатын студенттер күндізгі бағдарламаның жалпы көлемінің тек 65%-ын ғана игереді. Сарапшылардың пікірінше, оның өзінің қаншалықты сапалы болғаны белгісіз. Бірақ, олар әлсіз білім – елдің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді, дейді.
«Егер кадрлар белгілі бір шешім қабылдау керек болатын салаға келсе, мысалы сомды дұрыс бұрамаса, ертең бұл адам өліміне алып келеді. Сондай-ақғ мұғалім дұрыс білім бермесе немесе инженер қажетті білім бермесе, онда ол қоғамға зиян тигізеді », – дейді Еуропалық құқық және адам құқықтары сараптау институтының директоры Марат Башимов.
Дегенмен, мемлекет сырттай оқу жүйесінің баламасы ретінде part time жүйесін пайдаланады. Ол икемді кесте бойынша жасалады. Яғни, курстар кешкі және демалыс күндері өтуі мүмкін. Білім жұмыс істейтін адамдарды өз міндетіне кедергі келтірмейтіндей, қол жетімді болады.
«Рart time- оқыту институтының қажет екенін көріп отырмыз. Егер, білім алғысы келетін, осыған мұқтаж азаматтар болса бұл институт өзгереді. Қазір тиісті нормативтік база әзірленуде. Part timе болады, бірақ кейбір түзетулер енгізілгеннен кейін іске қосылады. Біріншіден, білім алғысы келетіндер мемлекеттік білім берудің міндетті стандарттарына сәйкес белгілі бір бағдарлама бойынша несие көлемінің 65%-ын емес, 100%-ын оқитын болады. Екіншіден, мұнда біз қашықтағы технологияларды қолданамыз. Бұл үшін біз арнайы прокатинг жүйесін әзірлеуіміз керек », – деп түсіндірді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов.
Айта кету керек, білім алу құны университеттердің бәсекелестігіне де әсер етеді. Себебі, оқудың бағасын оқу орындары өздері белгілейді, ал студенттер семестрде қанша пән оқитындарын өзі таңдайды. Бұл дегеніміз, қанша төлейтіндерін және қанша уақыт оқитындарын өздері таңдайды деген сөз. Осылайша, жаңа жүйе жоғары табысы жоқ адамдардың да жоғары білім алуына мүмкіндік береді.
Ал, жаңа жүйеге дейін сырттай бөлімге оқуға түскендер өз білімдерін бұрынғы жүйе бойынша аяқтайды.