Соңғы жаңалықтар

"Талантты Жұлдыздар"

24 сәуір 2024 ж. 48

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ

БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ

«Жас ПРОДЖЕКТ» аясында жеңімпаз атанған ерекше жобаның бірі – «Театрмен қуаныш сыйла» деп аталады. Жобаның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі және аз қамтылған отбасы балаларымен жұмыс жасау. Олардың бос уақытын тиімді пайдаланып, өмірге деген көзқарасын ояту, ой-өрісін дамыта отырып, алға жылжуына жәрдемші болу. Бір сөзбен айтқанда, балғындарға қуаныш сыйлау. Осы орайда топ көшбасшысы Ақамарал Рахымтай:
– Айына екі рет балаларға қуаныш сыйлаймыз. Яғни, театрландырылған көріністер қойып, қазақы салт-дәстүрлерді насихаттайтын боламыз. Сол арқылы балалар бойына патриоттық сезімді оятып, рухани азық беруге тырысамыз. 6 ай ішінде 85 баланы қамтып шығуымыз міндетті. Бұйыртып жатса жоба аясындағы келісім-шарт аяқталса да қызмет ете беретін боламыз, – деді.
Төменарықта іске асып жатқан жобаның құрамында Айторы Абдуқайым, Бақытжан Сейсенбеков және Бауыржан Бейбітов есімді жастар қызмет етеді. Балаларға осы бастан рухани тұрғыда дем беріп, қазақы салттарды насихаттауға үлес қосып жүрген жобаның алдағы жұмысымен қойылым барысында танысатын боламыз. Әзірге топ мүшелері дайындық үстінде.
23 қазан 2018 ж. 1 116 0