» » Қызылордада коммуналдық қызмет тарифтері төмендеді.

Қызылордада коммуналдық қызмет тарифтері төмендеді.

  Қызылордада коммуналдық қызмет тарифтері төмендеді, деп хабарлайды zhanaqorgan-tynysy.kz интернет газеті ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.
ÒÑзÑлоÑдада коммÑналдÑÒ ÒÑÐ·Ð¼ÐµÑ ÑаÑиÑÑеÑÑ ÑөмендедÑ
 «Қызылорда облысында 12 қызмет түрі бойынша 7 субъектінің тарифтері төмендетілді. Осы жылдың 1 желтоқсанынан бастап «Қызылордажылуэлектроорталығы» МКК-ның жылу бағасы 1,2 пайызға төмендеп, уақытша өтемдік тариф енгізілді. «Энергосервис» ЕЖШС электрмен жабдықтау қызметінің орташа бағасын 3,6 пайызға түсірді. Сонымен бірге, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қызылорда су жүйесі» және «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК қызметтерінің тарифі төмендейді. Мәселен, «Қызылорда су жүйесі» МКК тұрғындар үшін қосымша құн салығымен қоса есептегенде әрбір текше метрге сумен жабдықтау қызметі ақысын 22,6 пайызға (61,20 теңгеден 47,31 теңгеге), сарқынды суды бұру қызметі ақысын 11,4 пайызға (60,56 теңгеден 53,66 теңгеге) төмендетті. Ал, «Қызылорда су жүйесі МКК-ның және «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-ның тарифтерінің төмендеуінің негізгі себебі инвестициялық бағдарламаға төмендету жағына қарай енгізілген түзету болып табылады», - деді табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Гүлмира Өтегенова.

   Ал 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 3 электр энергиясымен жабдықтаушы ұйымның электрмен қамту қызметінің түпкілікті тарифі 0,2 %-дан 0,8 % -ға дейін 1кВт/сағатқа төмендейтін болады.

   Тарифтерді төмендету бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде тұтынушылардың үнемдейтін қаржысы шамамен 5,5 млрд теңгені құрады.
29 желтоқсан 2018 ж. 766 3

Гость Jeahulalf от 20 ақпан 2019 22:04
Purchase Amoxicillin Buy Discount Secure Provera Real No Prior Script Drugs Interacting With Cephalexin cialis prices How Propecia Works For Hair Loss Keflex Dosage Weight

Гость Jeahulalf от 11 наурыз 2019 06:06
Prednisone For Free Is Doxycycline The Same As Amoxicillin buy viagra online Zentel Real

Delia от 30 сәуір 2019 01:50
I am in fact glad to glance at this web site posts which carries plenty of valuable data, thanks for providing such data. chelsea drakt