Аша Матай 8 баланың анасы атанғысы келеді
Бүркіттің картинасын тамашалаған отандық танымалдар қолына “сиқырлы қалам” түскен жағдайда, қандай тілек тілейтінін ойлап кетті. Себебі дәл осы фильмде өзін қоғамға керексіз сезінген бойжеткен сиқырлы қаламға ие болып, барлық арманына қол жеткізеді. Ал отандық танымалдар мұндай мүмкіндік берілсе, қазақтың санын көбейтер едік деп отыр.
Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.Мәселен, биыл үшінші ұлдың ата-анасы атанған Салтанат Бақаева мен оның жары Нұржан қызды болғысы келеді.
“Әрине Алла қаласа қызды болсақ, біз шексіз бақытты боламыз онда”, – дейді Салтанат.
Сол сияқты Аша Матай да ел демографиясына өлшеусіз үлес қосқысы келеді.
“Қазіргі таңда Асылым есімді балапаным бар. Асылымнан басқа тағы жеті балам болса екен деп армандаймын”, – дейді Аша Матай.
Ал инстаграм жұлдызы – Анар Батырханның арманы басқа. Басы бос аруға ақша мен желідегі оқырмандар саны еселене түссе жеткілікті.
“Көп ақша. Сосын жүз миллион оқырман”, – дейді актриса Анар Батырхан.
Ал Тәуекелде Анар қалаған оқырман да, ақша да, бизнес те бар. Сиқырлы қаламға ие болған жағдайда, оның қалауы мынадай:
“Мұқтаж адамдарға көмектесіп, барынша елдің хал-ахуалын көтеру үшін септігімді тигізетін едім”.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Пікір 2