№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ДИКТАНТҚА Жаңақорғандықтар белсенді қатысты

ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ДИКТАНТҚА Жаңақорғандықтар белсенді қатысты

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ Ð¶Ð°Ð»Ð¿ÑÑалÑÒÑÑÒ Ð´Ð¸ÐºÑанÑ

«Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек». Мемлекет басшысының бұл сөзі шындыққа айналып келеді.
Иә, кеше жалпыхалықтық диктант жаздық. Оған 11 мың жаңақорғандықтар қатысты.
Жарты сағатқа созылған диктантта мемлекеттік қызметшілер мен ұстаздар қауымы, өнерпаздар мен спортшылар, студенттер мен оқушылар латын әліпбиенен сауатын тексеріп көрді.
Ауылдық округтер ішінен Аққорған тұрғындары шараға жауапкершілікпен қараған екен. Ондағы 600 ерікті диктант жазды. Ал, Келінтөбе, Бесарық және Шалқиядан 400 тұрғын диктант жазуға қатысты. Ал, Жаңақорған кентіндегі мектептерден 1050-і акцияға дем берді. Аудандық білім бөлімінен 20 қызметкер және Жаңақорған агро-техникалық колледжінен 500 адам қатысты.
– Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында халқымыздың ұлттық кодын айқындау, «Туған жер», «100 жаңа есім» сынды өзекті тақырыптар қамтылған болатын. Осылардың ішінде ең маңыздысының бірі – латын әліпбиіне көшу. Латын әліпбиі жоғымызды түгендеп, жоғалтқанымызды табуға үлкен септігін тигізеді деп есептеймін. Осы ретте, қазақ қоғамы латын әліпбиін тез меңгерумен үндескен шара өтті. Яғни, жалпыхалықтық диктантқа жаңақорғандықтар белсенді қатысты, – дейді Жаңақорған ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекші маманы Салтанат Алдабекова.
Жасұлан СЕЙДЕМЕОВ.
15 қараша 2018 ж. 938 0