№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Н.Назарбаев: СҚО-ның экономикалық көрсеткіштері қалыпты деңгейде

Н.Назарбаев: СҚО-ның экономикалық көрсеткіштері қалыпты деңгейде

Қазақстан мен Ресейдің 15-өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында СҚО-ға арнайы сапармен барған Елбасы осылай деді. 
Ð.ÐазаÑбаев: СÒÐ-нÑÒ£ ÑкономикалÑÒ ÐºÓ©ÑÑеÑкÑÑÑеÑÑ ÒалÑпÑÑ Ð´ÐµÒ£Ð³ÐµÐ¹Ð´Ðµ

  Мемлекет басшысы алдымен Киров атындағы зауытқа аялдап, жұмысшылармен жүздесті және облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын бағамдады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мен экспортты арттыруға қатысты мәселелерді пысықтады. 

  Бұл – өңірдің ғана емес, республиканың жетекші кәсіпорындардың бірі. Киров зауыты теміржол бұйымдарын, телемеханикалық жабдықтарды, байланыс және қауіпсіздік құралдарын шығарады. Елбасы ұшақтан түсе сала, яғни форум басталмас бұрын осы өндіріс орнына арнайы аялдады. Жұмысшылармен жүздесіп, толғандырған мәселелерін сұрады. Сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қарқынымен танысты. 
  
   Құмар Ақсақалов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі: - Тоғыз айда облыстың қысқамерзімді экономикалық индикаторы 105,3%-ті құрады (ҚР – 6-орын), ҚР – 104,8%. Статистикалық мәлімет бойынша, осы мерзімде құрылыс жұмыстарының көлемі 1,4 есе өсті, негізгі капиталға инвестициялар көлемі – 7,8%-ға, ауыл шаруашылығы – 2,1%, өнеркәсіпке – 1,8%, тұрғын үйлерді қолданысқа беру 5,5%-ке өсті. 
  
   Облыс таяуда ғана орақ науқанын аяқтады. Жиналған астық көлемі 5,3 миллион тоннаға жетті. Ал майлы дақылдардың мөлшері 1 миллион тоннаға жуықтады. Жалпы өңірдің кәсіпорындары 180 миллиард теңгенің өнімін шығарды. Енді өндіріс орындары цифрлық жүйеге көшуді жоспарлап отыр. Соның бірі Киров зауыты ауқымды міндетті іске асыруды бастап кетті. 

  Жалпы, аймақ басшылығы алдағы 3 жылға арналған кешенді жоспар құрған. Соның аясында өңірде «7-20-25» бағдарламасы аясында 16 тұрғын үй бой көтереді. Бұдан бөлек өзге ауқымды жобалар жүзеге асады. Президент зауыт аумағын аралай келе облыс активімен де жүздесті. 
   Солтүстік Қазақстан – елдің шетінде, желдің өтінде орналасқан облыс. Өңір Қазақстанның халықаралық нарықтағы ең басты брендтерінің бірі астық өндіреді. Басқа салаларда да өндірісі өркендеп келеді. Әсіресе солтүстіктегі көршіміз Ресеймен сауда-саттығы жолға қойылған. Соңғы 8 айда 222 млн АҚШ долларына жетті. Қойы қоралас, ауылы аралас елді мекендердің болуы екіжақты қарым-қатынасты ілгерілетуге септігіп тигізді. 15-өңіраралық ынтымақтастық форумының Қызылжар шаһарында өтуі осы сөзімізге дәлел. 
  Форум қарсаңында қалада 3 бірдей жаңа қонақ үй салынды. Цифрлық жүйеге негізделген оқушылар сарайы мен теннис орталығы да бой көтерді. Қаланың инфрақұрылымдық әлеуеті де жақсара түсті. Енді Елбасының әлеуметтік бастамалары арқылы жыл соңына дейін 6000 тұрғын баспаналы болып, 150 мың еңбеккердің жалақысы көтерілуі тиіс. Алдағы уақытта облыс ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу ісін ілгерлетіп, экспортты арттыруға ден қоймақ.    

Авторлары: Рауан Мыңбаев, Айдос Меделбеков, Руслан Жәкеев.


09 қараша 2018 ж. 1 100 2

Гость Jeahulalf от 14 ақпан 2019 02:56
Donde Comprar Cialis Soft Ordering Cialis Without A Prescription Dutasteride Canada cialis prices Finasteride 1 Mg Online Pharmacy

Гость Jeahulalf от 5 наурыз 2019 16:20
Buying Levitra In Mexico Wikipedia Viagra Ed Sample Pack Cheap viagra online Avoir Clomid Enceinte