№48 (8862) 1

01 шілде 2025 ж.

№47 (8861) 28

28 маусым 2025 ж.

№46 (8860) 24

26 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Түркістан маңын бұқар бұғылары мекендейді. Оларды қалай көруге болады?

Түркістан маңын бұқар бұғылары мекендейді. Оларды қалай көруге болады?

   
Алпысты алқымдаған Мұсахан Жүзеевтің әр күні қоршау ішіндегі 84 бас бұқар бұғысын жемдеуден басталады. Қоршау қақпасының жанындағы ағаш үйшіктен кебек алып, ұн қосып, сумен қарып-қарып, арбасын сүйрете қоршау ішіне кіреді. Қақпадан 50 метр қашықтағы дөңес үстіне қойылған астауларға бет алады. Сүйреткен арбасының дыбысын естіген бұғылар да тоғай ішінен елең-алаң басын көтеріп, астау жаққа көз салады. Шағын бойлы, жүзі күнге тотығып, еңкіш басқан бұғышыны көреді. Бұл кезде бұғышы да қатар қойылған бірнеше астаудың оң жақ шетіне жетеді. Арбадағы жемді шелекпен алып, астауларға қалыңдатып салады. Бұғы үйірінің алды сақ-сақ басып, жем салынған астауға жақындайды. Қоршаудағы барлық бұғы осылайша астауға жетіп, айнала үйіріліп, жемін жейді. Астау бұрышында үнемі тұратын қаратұзды жалайды.  
28 қазан 2018 ж. 1 238 0