№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ТАҢҒЫ ҰЙҚЫ - РИЗЫҚҚА БӨГЕТ

ТАҢҒЫ ҰЙҚЫ - РИЗЫҚҚА БӨГЕТ


Қыс маусымы жақындағаннан таңертең күнмен таласа тұру қиынға соғады. Бұл тақырыпты таңдаудағы мақсат–таңғы ұйқы берекені қашырып, күндік ризыққа бөгет болатынын тарқату. Бұл дегеніміз–қандайда болмасын пенде таң атқанда ояу болса, күнделікті ризық несібесі мол болатыны айқын. Ол жайында Пайғамбар хадисінде: «Таңғы ұйқы берекетті қашырады. Оның себебі–бұл уақыт ризық бөлінетін уақыт»–делінеді. Мұндайда дана қазақ: «ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық», «еңбекқор ширақ тұрады, еріншек қирап тұрады» деп бір ауыз сөзбен түйіндеген. Өзге халықтарда таңмен таласа тұруға қырын қарамаған. Мәселен, ирнадықтар: «Ерте тұрған адамның мақсаты да ерте тұрады» десе, қытайлықтар: «Ұйықтап жатқан адамның бақыты да бірге ұйықтап жатады» деп даналық ой айтқан.               

          Сөз маржанын теріп айтқан, баба нақылына тағы бір оралсақ. «Таңғы сауда-сауда, түскі сауда қауға» деген мақалдың екі мағынасы бар. Бірі ерте тұрып жасалған сауданың берекелі болатынын жеткізсе, екіншісі адамның ең үлкен базары оның жастық шағын меңзейді. Расында адам баласының өмір жасы күнделікті уақытқа ұқсайды. Мысалы, сәресі уақыты мен шуақты таң уақыты адамның дүниеге шыр етіп келіп енді өмірге беттей бастаған балалық, жастық шағына ұқсайды. Түскі уақыт болса адамның өмірге белсенді табан тіреп, өзі шешім шығара алатын, ақылы толысқан шағы. Түс қайта бастаған уақытта адам сол қалпында, бірақ қуат кеміп, бой аласарып, күш азая бастаған кез. Осылайша өмірдің түсі ауып тіземіз дірілдеп, қолымыз қалтырап, тісіміз түсіп, қалжырап тұрған кезде атқарған құлшылық базар қайтыстағы сауда секілді болады екен. Бұл кешкі уақытты меңзеп тұрғандай. Тақырыпқа тұздық болсын. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы былай дейді: «Кедейлік үш ағайынды болады: үлкені-кежірлік, ортаншысы-еріншектік, кенжесі-ұйқы». Әрі этнограф ғалым мұнан құтылудың жолын көрсетеді. Ол: «кежірліктің тамыры желкеде болады. Кежір кісінің желкесінен тартып, қаңтарып қойған қырық қаңтаруы болады. Бірі жіберсе де, бірі жібермей, ішетұғын астан, алатұғын олжадан құр қалдырады. Жалқаулықтың тамыры жерге отырарлық дүнбенің алақан аясындай айналасында болады. Ал, ұйқының тамыры шынтақта болады. Ұйқышыл болатұғын қу шынтағын жерге тіреп жата береді. Тілалғыш, елгезек болып үйрен, кежірліктен құтыласың. Тіпті дәнеме қылмасаң да, жаяу аңдап, олай-былай жүріп үйрен, жалқаулықтан құтыласың. Дүние-ақыреттің  бірі болмаса, бірінің уайымын ойлап: «Қалай қыламын, қайтіп есебін табамын?!–деген ойға түс, ұйқышылдықтан құтыласың. Бұл үшеуінен құтылсаң, әр нәрсеге жетесің»–деп, өсиет етеді.
         Иә, ерте тұру–құт, берекені арттырады. Күндік ризық-несібеңді мол етеді. Оған қоса, күні бойы сергек жүргуе септігін тигізеді.
         Әбдісамат ӘБДІШ
18 қазан 2018 ж. 1 098 0