«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Компьютерлік вирустар не үшін қажет?

Компьютерлік вирустар не үшін қажет?


Дерек көздеріне сенсек, компютерлік вирустар ақпараттық соғыстың негізгі құралына айналған. Тіпті, белгілі бір мекеменін базасына спам және т.б.
smsхабарлар арқылы еніп, ақпарат ұрлау үшін қолданылады екен.
Жалпы, ең алғашқы Brain вирусы 1986 жылы пайда болды. Оны пәкістандық ағалы-інілі Басит Фарук және Амжад Алви шығарды. Құзырлы органдар ағайынды жігітті ұстағанда, олар: лицензиясы бағдармаларды тексеру үшін шығарғанын айтып, ақталады.
Қазіргі кезде мамандар вирустар саны минут санап артып, 150 мыңнан асқанын айтады.
Компьютер вирустарының пайда болуын шартты түрде төрт дәуірге бөліп қарастыруға болады: 1986 жылдан 1995 жылға дейін – дискетпен бірге жүктелетін вирустар уақыты. 1995-1999 — макровирустар. Одан кейін ағымға «бал ара құрттары» аталған электрондық пошта арқылы таралатын вирустар келді. Бүкіл әлемге даңқы шыққан ILOVEYOU вирусы ұмытыла қоймаған болар. Ақыры соңында желілік құрттар шықты. Соңғы жиырма жылдың ішінде вирустар космос жылдамдығы деңгейінде өсті. Жүктелген вирустардың таралуы үшін бір ай не бір жыл уақыт кететін болса, қазіргі жаңа «індерттердің» әлемді жаулауына бір-ақ сағат жеткілікті. Қорғаныс бағдарламаларын жасаушылар зиянды бағдарламалардың жергілікті желілер мен смартфондарды көздеп отырғанын ескертті. Әлемдегі ең зиянды вирустар: Creeper, Virdem, Jerusalem, Chameleon, LoveLetter, Ramen, CodeRed, Cabir, Kido, Wiper, Flame, Gauss, т.б. LoveLetter вирусы бірнеше сағаттың ішінде миллиондаған компьютерді жаралап үлгеріп, Гиннесс рекордтар кітабына енген, ал Cabir Bluetooth арқылы тараған алғашқы желілік вирус.
Вирусты жұқтырмаудың бірден-бір жолы – компьютерді интернет желісіне қоспау қажет. Бірақ, әлемдік үрдіс интернет арқылы жүріп жатқандықтан, оқшаулануға болмас.
20 қыркүйек 2018 ж. 2 336 0