PDF нұсқалар мұрағаты

№89 (8307) 16

15 қараша 2019 ж.

№88 (8306) 12

12 қараша 2019 ж.

№87 (8305) 9

09 қараша 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Енді айнасыз да көлік жүргізе аласыз

Енді айнасыз да көлік жүргізе аласыз



 Әлемдік көлік нарығында немістің "Audi" компаниясы жаңалық жасады. "Көлікті айнасыз да басқаруға болады" дейді 4 дөңгелекті белгісі бар әлемге белгілі компания. Осындай ерекшелік арқылы тұтынушының назарын аударған көлік құрастырушылардың жоспары жүзеге асқан сияқты. Жаһан жаңалықшылары бұл жағдайды жарыса жазып жатыр.  Қос қапталдағы айнаның орнына камера орналастырылған. Ал ондағы көріністі көліктің есігіндегі 7 дюймдік экраннан көресіз. Сонымен қоса, камераның смартфонға арналған қосымшасын жүктеп телефоннан да қарап отыруға мүмкіндік бар. Жаңа технология алдағы уақытта шығатын Audi E-tron электркөлігіне енгізілмек. E-tron биылғы жылдың соңында немесе 2019 жылдың алғашқы айында сатылымға шығады деп жоспарланған.  Audi компаниясының өкілдері дәл осы көліктің негізгі артықшылығын жариялап қана қоймай болашақтағы жоспарларымен де бөлісті. 2020 жылы Audi e-tron GT және осы маркаға ұқсас тағы бір электркөлікті жарыққа шығаратынын айтты. 

Massaget.kz
27 тамыз 2018 ж. 251 0