№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Илон Маск тамызда тағы таңғалдырмақ

Илон Маск тамызда тағы таңғалдырмақ


Тамыз айында Tesla электркөлігі Autopilot бағдарламалық жасақтамасына жаңартулар енгізеді. Бұл жайында компанияның кеңес төрағасы және атқарушы директоры Илон Маск мәлімдеді. 

 Алматыда аурудың алдын алғысы келгендер арнайы маска тағып жүр. Ал Маск бұл күндері не істеп жүр?  Илонды көшеде көрсең «или он? Или не он?» деп біреумен шатастыра алмайсың. Себебі, әлемнің назары осы бір тұлғаға ауған. Оның тегі де, түрі де, жаңалығы да, жасап жатқан жұмыстары да жер жүзіндегі 7 миллиард адамның аузында жүр. «Әлемді тегін wi-fi-мен қамтамасыз етем» деп ғаламдық жаңалық жасаған Маск бұл жоспарын жүзеге асыру жолында білек сыбана кірісіп кеткенінен де хабардарсыз.
Одан қалды, «жер астымен тунель жүргізіп, сағатына 355 шақырым жылдамдықты бағындыратын вакуумды транспортты халықтың игілігіне ұсынамын» деген жоспары тағы бар.  Жаңа ғасырдың шымылдығын түріп, жаңа мыңжылдыққа жаңаша көзқараспен қараған Маск мырза жолын кес-кестеген қай-қай кедергіні де ысырып, жолындағы ақ басты асқар тауларды да ортасынан қақ жарып келеді.  Алдағы уақытта жүргізушісіз басқарылатын Tesla көлігіндегі жүйеге байланысты бір интернет тұтынушысы сұрақ қойыпты. Осы сұраққа жауап беру барысында Маск алдағы бір-екі айда орындалатын жоспардағы жұмыстарының шетін шығарып, Маск турасында ақпаратқа сусап қалған басылымдардың шөлін қандырды. «Дәл қазіргі уақытта «Автопилот» жүйесіндегі барлық ресурстар бірінші кезекте қауіпсіздікке негізделген. Әзірше көлік жартылай жүргізушінің көмегімен басқарылады. Ал тамыздан бастап, жүргізушісіз басқарылатын жүйеге көшеді». Жүргізушісіз басқарылатын басқа да көлік түрлерінің бірнешеуі бұл күндері сынақтан өтіп жүр. Бірақ, осы жаңалықтың соңы қайғылы апаттарға, адам өліміне себепкер болғанын хабарлап та жүрміз. Осы жағдайларға байланысты, адамзат өз өмірін роботтың қолына бергісі келмейді. Ол орынды да. Бірақ, америкалық миллиардердің бұл жайында пікірі бөлек.  «Жүргізушісіз басқарылатын көлік – дәл қазіргі адамның өз қолымен, аяғымен басқарып жүрген көліктерінен қауіпсіз. Tesla-ның жүргізушісіз басқарылған көлігі сынақ кезінде сәтсіздікке ұшырап 1 адамның тобығын сәл шытынатып жіберді. Бұл жаңалық баспасөзде бірінші бетте жазылды. Ал, былтырғы жылы 40 000 адам қаза тапқан көлік қақтығысы жайлы ешкім жазбады. Мүлде дұрыс емес».

Massaget.kzм
03 шілде 2018 ж. 730 0