Соңғы жаңалықтар

№81 (8994) 24

24 қазан 2026 ж.

№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Қазіргі және келешек ұрпақтың игілігіне жарату: Президент Ұлттық қордың басты миссиясын атады

Қазіргі және келешек ұрпақтың игілігіне жарату: Президент Ұлттық қордың басты миссиясын атады


Ұлттық қордың ең басты мақсаты, миссиясы – ел байлығын ұқыпты ұстау және одан әрі арттыру, сондай-ақ оны қазіргі және келешек ұрпақтың игілігіне жарату. Мемлекет басшысы «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында осылай деді, деп хабарлайды 
Egemen.kz.

«Ұлттық қор көп жылдар бойы осы негізгі міндетті лайықты орындап келеді, яғни қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге зор үлес қосуда. Жас ұрпақтың игілігін ойласақ, бұл бағытта қазірден бастап нақты әрі батыл қадамдар жасауымыз керек. Өзекті мәселелерді кейінге қалдыруға болмайды. Әр мәселе өз шешімін табуға тиіс. Басты талап – осы. Кейінгі буынға өркениетті, озық, жаңарған мемлекетті аманат етуіміз керек. Бұл – біздің міндетіміз және келер ұрпақ алдындағы жауапкершілігіміз», деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев болашақ ұрпақ алдындағы тарихи жауапкершілігіміз тек олардың есепшоттарында қаржылық жинақ қалдырумен шектелмейтініне сенім білдірді.

«Біз ұрпаққа технологиялық тұрғыдан дамыған, бәсекеге қабілетті экономикасы бар, заманауи инфрақұрылымы қалыптасқан және өмір сүру деңгейі жоғары, әрбір азаматтың өзін-өзі жүзеге асыруына мүмкіндік беретін сапалы жаңа ел құрып, аманат етуіміз керек. Бұл біздің басты міндетіміз, тіпті тарихи ауқымдағы миссиямыз десек те болады. Бұл – адам капиталын дамытуға, азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға, яғни ел болашағына салынатын ұзақ мерзімге арналған инвестиция», деді Мемлекет басшысы.
Президент Ұлттық қордың ресурсын жинақтау және оны пайдалану арасында теңгерім сақталуға тиіс екенін атап өтті.

«Қаражатты тек қоғамға барынша пайдалы дүниеге ғана жарату керек. Ең бастысы, жұмсалған ақшаның экономикалық және әлеуметтік қайтарымы болуы қажет. Өйткені бөлінетін мемлекет қаражатының негізгі мақсаты – халықтың әл-ауқатын көтеру. Тиісті жобаларды жүзеге асыруға материалдық-техникалық жағдайы жақсы және мол тәжірибесі бар жергілікті жердегі шағын және орта бизнес өкілдерін тартқан жөн. Бүкіл құрылыстың барысы қатаң бақылауға алынады. Бірінші кезекте аймақтарда 70-ке жуық денсаулық сақтау нысаны салынады. Перзентханалар, ауруханалар, жедел медициналық көмек көрсету станциялары, балаларға арналған оңалту орталықтары мен ерекше балалардың сұранысына сай спортзалдар бой көтереді. Сондай-ақ 50-ге жуық білім беру, спорт және мәдениет мекемелерінің құрылысы басталады. Осындай аса қажетті, сапалы нысандардың құрылысын жедел түрде бастап, көп ұзамай іске қосуымыз керек», деді Мемлекет басшысы.
Сурет: Видеодан скрин
28 қазан 2026 ж. 250 0