№81 (8994) 24

24 қазан 2026 ж.

№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Заңсыз ішімдік саудасы: кәсіпкерлерге 932 млн теңге айыппұл салынды

Заңсыз ішімдік саудасы: кәсіпкерлерге 932 млн теңге айыппұл салынды



Фото: pixabay.com

Қазақстанда биылғы тоғыз айда 5,6 млн литр заңсыз алкоголь өнімі анықталған.

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8 есе көп. Мұндай мәліметті қаржы министрі Мәди Такиев премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссия отырысында мәлімдеді.
Министрдің сөзінше, тексеру барысында алкогольді заңсыз өндіру, жалған акциздік маркаларды пайдалану және тауардың ілеспе құжаттарын рәсімдеу кезінде заң бұзу деректері анықталған.
Ал Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері алкоголь саудасына қатысты 9 мыңға жуық заңбұзушылық тіркелген. Соның салдарынан 4,5 мың кәсіпкер лицензиясынан айырылып, жалпы сомасы 932,4 млн теңге айыппұл салынған.
Бұған қоса, Қаржылық мониторинг агенттігі ішімдік жасырын өндірілетін 10 цехты жапқан. 67 мың литр алкоголь өнімі тәркіленіп, 15 қылмыстық іс тергеліп жатыр.
Жиын қорытындысында Олжас Бектенов Қаржы министрлігіне алкоголь саудасын, оның ішінде интернет арқылы сату мен жеткізу тәртібін қатаңдатуды тапсырды. Сондай-ақ ішімдік сату ережелерін жүйелі түрде бұзатын кәсіпкерлерге қолданылатын жазаны күшейту тапсырылды.
nege.kz
27 қазан 2026 ж. 42 0